Комитет: Қазақстандықтарға ипотекалық несиені кешіктіріп төлеуге рұқсат беріледі
"Қазақстандықтарға "7-20-25" және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламасы бойынша кешіктіріп төлем жасауға мүмкіндік беріледі. Ұлттық банк тұрғын үй бағдарламасына түзетулер енгізді, онда негізгі төлемдер мен сыйақыларды 90 күнге дейін кейінге қалдыру мәселесі қарастырылған. Коронавирус індеті мен төтенше жағдайдың әсерінен зардап шеккен адамдарға айыппұл және өсімақы салынбайды" делінген денсаулық сақтау министрілігіне қарасты тауар және қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарламасында.
Шымкентке кіреберіске блокпостар қойылды
Шымкент қаласында коронавирус табылған соң қаланың кіреберісіне 12 блокпост қойылды.
Полицейлер мен дәрігерлер Шымкентке кіретін әрбір көлікті тоқтатып, адамдардың дене қызуын өлшеп жатыр. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, бұл бекеттерде полиция, дәрігерлер, жедел-жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етеді.
24 наурыз кешкісін Шымкентте 1996 жылы туған адамнан коронавирус табылған. Ресми дерек бойынша, ол қалаға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан келген.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.
Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы
Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Шымкентте - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.
Шымкентте екінші адамнан вирус анықталды
Шымкент қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 25 наурыз 16.30-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Шымкентте коронавирус жұқтырған бірінші адам 24 наурыз кешкісін анықталған. Ресми дерек бойынша, 1996 жылы туған адам қалаға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан келген.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.
Қазір Шымкенттің кіреберісіне 12 блокпост қойылды.
Қазақстанда екі адам Covid-19 дертінен айықты
Қазақстанда Covid-19 дертінен екі адам жазылды. Олар 26 наурызда ауруханадан шығуы тиіс. Бұл туралы 25 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
"Екі адам дерттен жазылды. Қазір олар бақылауда. Тағы бір мәрте анализ алынады" деді ол.
ПІКІРЛЕР