Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:18 19.1.2021

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 1017 адамға көбейді, 9 адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандар 1017 адамға көбейді. 18 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан - 999 адам тіркелген. ПТР тесті - теріс, бірақ клиникалық белгілері коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққан 18 адам анықталған. Өткен тәулікте 9 адам өлімі тіркелген: 7 адам - коронавирус, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болғаны анықталған.

Наурыз айынан бері Қазақстанда 170 098 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 2 423 адам Covid-тен қайтыс болған деп айтылады. Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Сол уақыттан бері 46 866 науқас тіркелген. 542 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Бірақ халықаралық ұйымдар оларды бірге есептейді.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Қазақстан әлем елдері арасында коронавирустың тарауы жөнінен 52-орында тұр. Мұнда 214 964 адам Covid-ке шалдыққан. 3 мыңға жуық адам Covid-тен қайтыс болған. Кейбір сарапшылар коронавирусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар ресми деректе айтылған саннан әлдеқайда көп деп санайды.

09:58 19.1.2021

Covid: Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай вакцина егіле бастайды

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина егіле бастайды. Бұл туралы 19 қаңтар күнгі үкімет отырысы кезінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Министрлік жыл аяғына дейін 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отыр.

"Бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел жәрдем, реанимация бөлімі, аурухананың қабылдау бөлмесінде істейтін қызметкерлер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына вакцина салынады. Бұл шамамен 100 мың адам. Вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанынан басталады" деді Цой.

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы.
Ресейлік "Спутник V" вакцинасы.

Оның сөзіне қарағанда, екінші кезеңде жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, медициналық қызмет көрсететін мекеме мамандары (шамамен 150 мың адам) қамтылады. Оларға наурыз айынан бастап дәрі салынады. Ал сәуір айынан бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері, созылмалы аурумен ауыратын студенттердің (600 мыңға жуық адам) кезегі келеді.

Үкімет жоспарына сәйкес, жарты жыл ішінде 2 млн адамға вакцина салынады, қалған жартысында 3-4 млн адам егіледі. Алғашқы кезеңде тұрғындарға ресейлік вакцина салынады.

Былтыр Ресей билігі сынақтың үшінші фазасы аяқталмай жатып екі вакцина - "Спутник V" және "ЭпиВакКорона" екпесінің тіркелгенін хабарлаған. Тамыз айында Қазақстан мен Ресей "Спутник V" жеткізу туралы келісімге де келген. Бірақ халықаралық сарапшылар сынақтың үшінші кезеңі аяқталмаған ресейлік вакцинаға күмәнмен қараған. Желтоқсан айының соңында "Қарағанды дәрі-дәрмек кешенінде" ресейлік "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастаған. Кешенде бастапқы кезеңде вакцинаның 2 млн дозасы шығарылады деп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындарға қазақстандық QazCovid-in вакцинасы да егілетінін айтып отыр. Клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде сыналып жатқан қазақстандық QazCovid-in вакцинасы 19 желтоқсаннан бастап 3 мың еріктіге салына бастаған.

Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша, коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 216 964 адамнан Covid анықталған, 3 мыңға жуық адам қайтыс болған. Кейбір сарапшылар коронавирусқа шалдыққандар мен одан қайтыс болғандар саны бұдан әлдеқайда көп деп санайды.

07:13 19.1.2021

Тағы 999 адамның ПТР тесті оң шыққан

Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 999 адам тіркелді. Өткен тәулікте ең жоғары көрсеткіш Павлодар облысында (150) тіркелген. Наурыз айынан бері мұнда барлығы 10 723 науқас анықталған. Қалған облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 20 144 (+124 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 20 523 (+79),

Шығыс Қазақстан облысында - 19 595 (+47),

Атырау облысында - 15 030 (+78),

Қарағанды облысында - 12 848 (+66),

Батыс Қазақстан облысында - 9 985 (+50),

Солтүстік Қазақстан облысында - 9 633 (+71),

Қостанай облысында - 8 743 (+72),

Ақмола облысында - 8 450 (+109),

Алматы облысында - 8 285 (+93),

Шымкент қаласында - 5 733 (+7),

Жамбыл облысында - 5 296 (+25),

Маңғыстау облысында - 3 888 (+2),

Түркістан облысында - 3 906 (+17),

Ақтөбе облысында - 3 823 (+4),

Қызылорда облысында - 3 493 (+5).

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 170 098 адамға жеткен.

19:37 18.1.2021

Қазақстанда індет "ушығып келеді"

Қазақстанда індет "ушығып келеді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG