Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:00 6.12.2020

Covid пен соған ұқсас пневмониямен 1 мыңға жуық науқас тіркелді, 12 адам көз жұмды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

5 желтоқсан күні Қазақстанда коронавирус пен соған ұқсас пневмониямен 996 науқас тіркелді, тағы 12 адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның ішінде ПТР тестімен анықталғаны – 773, Covid тәрізді пневмонияға шалдыққаны – 193. Аурудан қайтыс болған сегіз адам вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастар қатарынан, төртеуі коронавирус пневмониясы науқастары қатарынан.

ПТР тестімен расталған науқастар бойынша, тәулік ішінде тіркелген науқастардың 70 пайызға жуығы елдің солтүстік және шығыс аймақтарына келеді.

Шығыс Қазақстан облысында бір күнде 125 науқас тіркелді. Бұл – аймақтар бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Қыркүйектің ортасынан бері аймақтардың көшін бастап келген бұл облыста барлығы 17 063 науқас анықталған. Облыс вирус жұқтырғандардың жалпы саны жөнінен де бірінші орында тұр.

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар 110 адамға көбейді. Кейінгі екі аптада бұл облыста ПТР тесті оң шыққандар күн сайын жүзден асып отыр. Қазір коронавирус инфекциясын жұқтырғаны тестімен расталған науқастардың жалпы саны 7 мыңнан асып отыр.

Ақмола облысында 83, Қостанай облысында 78, Нұр-Сұлтан қаласында 69, Солтүстік Қазақстан облыстарында 59 науқас қосылып отыр.

Оңтүстік өңірлерде ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласында. Онда бір күнде 71 науқас анықталған. Қалған аймақтарда тәулік көрсеткіші өз өңірлермен салыстырғанда төмендеу. Жамбыл облысында 18 науқас, Түркістан облысында 5 науқас, Шымкент қаласында 3 науқас және Қызылорда облысында 2 науқас тіркелді.

Батыс Қазақстан облысында 41 адамның ПТР тесті оң нәтиже берген. Одан кейінгі орындарда Атырау (27), Ақтөбе (10) және Маңғыстау (5) облыстары.

Осылайша, коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 136 271-ге жетіп отыр. Оның 120 178-і жазылған, 2079-ы қайтыс болған. Covid өлімі статистикасына вирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Есебі 1 тамыздан бері жүргізіліп келе жатқан коронавирус пневмониясына барлығы 43 073 адам шалдыққан. Оның ішінде 454 науқас аурудан айыға алмай қатыс болған.

10:33 5.12.2020

Өткен тәулік (4 желтоқсан) Қазақстанда коронавирус және соған ұқсас пневмониямен 992 адам тіркелді. Оның ішінде ПТР тестімен нақтыланған - 792 адам, ал Сovid тәрізді пневмониямен ауырған - 200 адам бар. Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші:

Шығыс Қазақстан облысы - 131

Павлодар облысы - 112

Қостанай облысы - 87

Солтүстік Қазақстан облысы - 84

Нұр-Сұлтан – 80

Ақмола облысы - 77

Алматы - 63

Алматы облысы - 40

Батыс Қазақстан облысы - 39

Қарағанды облысы - 26

Атырау облысы – 18

Жамбыл облысы - 16

Ақтөбе облысы - 9

Шымкент - 5

Түркістан облысы - 4

Қызылорда облысы - 1

Маңғыстау облысы - 0

Ресми дерек бойынша, жалпы Қазақстанда осыған дейін 135 498 адам коронавирус инфекциясымен, 42 880 адам соған ұқсас пневмониямен тіркелді.

Covid инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, өткен тәулікте Қазақстанда Covid пен пневмониядан 836 кісі жазылған.

23-29 қараша аралығында коронавирус инфекциясынан елде 44 кісі көз жұмған. Нұр-Cұлтанда 6, Алматыда – 8, Шығыс Қазақстан облысында – 11, Батыс Қазақстанда – 6, Шығыс Қазақстанда – 5 адам қайтыс болған. Ресми дерек бойынша, індет басталғалы 2034 адам осы инфекциядан, ал 450 кісі пневмониядан қайтыс болды.

14:19 4.12.2020

Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіре бастайды, жыл басында жаппай егуге кіріседі

Қазақстан осы айдың соңында коронавирустан қорғайтын ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіре бастайды. Келесі жылдың басында жаппай егуге кіріседі. Бұл ақпаратты 4 желтоқсанда Ақорда сайты хабарлады.

Жұма күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған кезде коронавирустан қорғайтын вакцина мәселесі айтылған.

"Мемлекет басшысының Ресей президенті Владимир Путинмен жасаған келісіміне сәйкес, осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру қолға алынады. 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады" делінген хабарламада.

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақорда ақпаратына сәйкес, Қазақстан 25 желтоқсанда "отандық вакцинаны сынақтың үшінші кезеңінен өткізе бастайды". Жыл соңына дейін 2 млн доза өндіріледі. Маминнің айтуынша, "вакцинаның кері әсері анықталмаған және тиімді екенін де дәлелдеген". Үшінші кезеңде 3 мың еріктіге қазақстандық вакцина егіледі.

16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде ресейлік вакцинаны дайындайтын зауыт салу жоспары барын мәлімдеген еді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жұма күні ресейлік вакцина Қарағандыдағы дәрі-дәрмек кешенінде салынуы мүмкін деп мәлімдеген. Бірақ түпкілікті шешім қабылданбағанын айтқан.

  • Бұған дейін Ресей билігі сынақтың үшінші фазасы аяқталмай жатып екі вакцина - Sputnik V және "ЭпиВакКорона" екпесінің тіркелгенін хабарлаған. Қазақстан мен Ресей Sputnik V жеткізу туралы келісімге де келген. Бірақ халықаралық сарапшылар сынақтың үшінші кезеңі аяқталмаған ресейлік вакцинаға күмәнмен қарайды. Sputnik V екпесін алған кейбір еріктілерден коронавирус табылған.
  • Осыған дейін америкалық-германиялық Pfizer/BioNTech, америкалық Moderna және Англияда Оксфорд пен AstraZeneca өздерінің вакцинасы 95 пайыз тиімділік көрсеткенін мәлімдеген. Осы аптада Ұлыбритания әлемде бірінші болып Pfizer/BioNTech вакцинасын жаппай егуді мақұлдаған. Қазақстанның бұл компаниялардан вакцина сатып алатыны-алмайтыны әзірге белгісіз. Күзде Қазақстан билігі қай компанияның вакцинасы тиімді әрі қауіпсіз болса, сол компаниямен келісім-шарт жасауға дайынбыз деп мәлімдеген.

Қазақстанда соңғы мәлімет бойынша, коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 177 386 адамнан Covid анықталған, 2500-ден астам адам қайтыс болған.

12:08 4.12.2020

Covid: Алматы "жасыл аймаққа" оралды

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметі бойынша, Алматы қаласы "жасыл аймаққа" оралған. Қараша айының соңында коронавирус жұқтырғандар артып, елдегі ең ірі қала "сары аймаққа" кірген еді.

Қазіргі кезде "жасыл зонада" Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Қызылорда облысы тұр. Жақында ғана "жасыл аймақта" болған Атырау облысы 4 желтоқсанда "сары аймаққа" енді. 3 желтоқсанда облыста 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Қазір Ақмола облысы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл зонада" тұр. Соңғы бір-екі айда коронавирус жұқтырғандар күрт артқан Шығыс Қазақстан облысында "вирус бәсеңдегендіктен" жақында "сары аймаққа" енгізілген.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG