Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:11 31.10.2020

Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Covid тесті растаған дерек

Медқызметкер жұмысы аяқталған соң қорғаныс киімін шешіп жатыр. Көрнекі сурет.
Медқызметкер жұмысы аяқталған соң қорғаныс киімін шешіп жатыр. Көрнекі сурет.

30 қазан күні Қазақстанда 461 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың бәрінде ПТР тестінің нәтижесі оң шыққан. Инфекция жұқтырғандардың жартысы Шығыс Қазақстан облысының үлесінде.

Кейінгі күндері Қазақстанда коронавирус ауруына шалдығушылар саны біртіндеп артып келеді. Өсім Шығыс Қазақстан облысын қаттырақ байқалады. Өткен тәулікте облыста 233 адамның Covid инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Одан кейінгі орындағы Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында 39 және 31 науқас тіркелді. Павлодарда 25, Алматы қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында 21 науқастан анықталды. Қызылорда облысында ешкімнің ПТР тесті оң нәтиже бермеді.

Елде вирус жұқтырғаны Covid тестімен расталған науқастар саны 111 953 болды. Оның 106 310-ы жазылған, 1844-і қайтыс болған. Бұл статистикаға коронавирус жұқтырғаны расталған, бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген жүздеген адам кірмейді.

Коронавирус жөніндегі ұлттық статистика 1 тамыздан бері есебі жүргізіліп келе жатқан ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы дерегі де қосылмай отыр. Диагнозы тек ауру белгілері бойынша қойылатын коронавирус пневмониясы 1 тамыздан 30 қазанға дейін 37 574 адамнан анықталған, 399 адам қайтыс болған. Үкімет коронавирус пневмониясы дерегенің аймақ бойынша бөлінісін жүйелі түрде жарияламайды.

Джонс Хопкинс университеті секілді көптеген әлемдік ұйымдар мен дереккөздер Қазақстанның дерегін ПТР тестімен расталған науқастарға ғана сүйеніп беріп отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан билігі біріктірмеген екі деректі қосып жариялап жүр. Екі деректі қосқанда Қазақстанда коронавирусқа шалдыққанда 111 953 емес 149 527 болушы еді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясына да Covid кодын тағайындады. ПТР тестімен расталған науқасқа U07.01 коды тағайындалса, ПТР тестімен расталмаған коронавирус науқасына U07.02 коды тағайындалады. ДДСҰ кодтары әртүрлі болғанымен екеуінің бір ауру екенін мәлімдейді. Қазақстан коронавирус пневмониясы дерегін жүргізу жоспарын жариялағанда, оның дерегін Covid жөніндегі ұлттық статистикаға біріктіретінін айтқан. Бірақ 2 тамызда статистиканың біріктірілмейтіні белгілі болды.

Қазақстанның көршісі Қырғызстан 17 шілдеден бастап ПТР тестімен расталған науқастар мен ПТР тестімен расталмаған коронавирус пневмониясы науқастарының дерегін біріктіріп келеді.

15:41 30.10.2020

АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар күрт көбейді

Өткен тәулікте АҚШ-та 91 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бұл пандемия басталғалы бері бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Мамандар елде індеттің екінші толқыны басталғанын айтып отыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, 29 қазанда АҚШ-та 91 295 науқас анықталған. Соңғы рет коронавирус жұқтырғандар "рекорды" 23 қазанда тіркелген. Ол кезде бір күнде 84 169 адамнан коронавирус табылған.

Індет басталғалы бері 8,9 млн адам коронавируспен ауырған, 228 мыңнан астамы қайтыс болған.

АҚШ коронавирус жұқтырғандар мен Covid-тен қайтыс болғандар саны жағынан да әлемде бірінші орында тұр.

Үкімет хабарламаларына сүйенген CNN жазуынша, Ақ үйдің жұмыс тобы Covid жылдам тарап жатқан елдердің басшыларын індетті ауыздықтау үшін қатаң шаралар қабылдауға үндеген.

13:15 30.10.2020

Өзбек ғалымы Андрей Кубатин коронавирустан қайтыс болды

Ташкентте танымал өзбек ғалымы Андрей Кубатин коронавирустан қайтыс болды. "Тыңшылық" бабы бойынша сотталған ғалым шамамен бір жыл бұрын ақталып, қамаудан шыққан еді.

Өзбекстан ғылым академиясына сүйенген өзбек ақпарат құралдарының жазуынша, 36 жастағы Кубатин 29 қазанда Ташкент ауруханасында қайтыс болған.

Заңгер, құқық қорғаушы Стив Свердлов Азат Еуропа/Азаттық радиосы тілшісіне Кубатиннің туыстары ғалымның өлімін растады деп хабарлаған.

Танымал түрколог-ғалым, Орталық Азия елдері тарихының білгірі, көне ұйғыр жазбасын танитын Кубатин 2017 жылы Өзбекстанға баратын туристерге арналған нұсқаулық шығаруды жоспарлаған түрік компаниясына қолжазба көшірмелерін берді деп айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

2018 жылы Кубатиннің түрме жазасы бес жылға дейін қысқарды. 2019 жылы қыркүйек айында Ташкент соты оны ақтап, қамаудан босатты. Осыған дейін бірнеше елдің ғалымдары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевқа ашық хат жазып, Кубатинді босатуға шақырған.

Соңғы ақпарат бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 66 313 адамға жеткен, індет басталғалы бері 560 адам қайтыс болған.

09:07 30.10.2020

Бір күнде коронавирус пневмониясына шалдыққан 195 адам анықталды, 6 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда 195 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 2 адам қайтыс болды. Бір күнде 28 адам жазылды.

1 тамыздан бері Қазақстанда 37 574 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан, содан бері 399 адам қайтыс болған, 28 687 адам жазылған.

Бұл – коронавирус жұққаны ПТР-тестімен дәлелденбеген, бірақ клиникалық белгілері бойынша Covid-ке ұқсас науқастар есебі. Қазақстан билігі коронавирус пневмониясына шалдыққандарды Covid статистикасына қоспай келеді.

Өткен тәулікте коронавирус жұққаны ПТР-тестімен расталған науқастар арасында 4 адам өлімі тіркелген. Наурыз айынан бері қайтыс болғандар саны 1844 адамға жетті.

Қазір 3461 адам коронавирустан емделіп жатыр, 313-і – бала. 135 науқастың жағдайы ауыр, 9 адамның жағдайы өте ауыр, 16 адам жасанды аппаратпен тыныс алып жатыр.

Елде коронавирус пен коронавирус пневмониясына шалдыққандарды қосқанда 149 066 адам болады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG