Қытайдағы қазақ сайттарының бірі senkazakh.com парағында осы аптада қазақ тілінде микроблогтарға арналған жаңа сайт, көші-қон мәселесі және халық саны туралы мақалалар жарияланып, пікірлер айтылыпты.
ҚАЗАҚША МИКРОБЛОГТАР САЙТЫ
Осы аптада senkazakh.com сайты алдағы уақытта өз іштерінен қосымша «Сен қазақ» микроблогын ашатынын хабарлапты. Бұл микроблогтың өзгешелігі – оның латын қарпімен шығатындығы болмақ.
Сайт жетекшілерінің жазуынша, Қазақстандағы құзырлы органдар мен белгілі тіл ғалымдары жариялаған қазақ тілінде латын қарпімен жазуға икемделген нұсқасы негізге алынатын болады.
Осы жазбаға түскен пікір білдірушілер қай әріпті қалай қолдану керектігі туралы жан-жақты талқылаған.
ТЕХНИКАНЫ ШЕКАРАДАН АЛЫП ӨТУ
Қазақстанға қоныс аудару мәселесіне байланысты сайт оқырмандарынан көмек сұраған пікір иесі форумда: «Алла қаласа, жақында бір туысымыз қазақ еліне отбасымен көшпекші еді. Трактор сияқты бірнеше ауылшаруашылық машиналарын өзімен ала кетпекші. Осыларды көшпен бірге өткізу үшін қандай құжаттар қажет? Кеден бажы салығын төлей ме?» деген сауал қойыпты.
Бұл сұраққа келген жауаптарда техниканы шекарадан алып өтуге болатыны, баж салығының техникалардың шыққан жылына қарай өзгеріп отыратыны айтылған.
ХАЛЫҚ САНЫ
Сонымен бірге, senkazakh.com сайты Қытайдың ақпарат құралдары хабарлаған әлем елдеріндегі халық саны туралы деректерді жариялапты. Аталмыш дерек бойынша, Қытай мемлекеті 1,3 миллиард адам санымен көш бастаса, 1,106 миллиард халқы бар Үндістан екінші орында тұр. Ал 16,3 миллион тұрғыны бар Қазақстан бұл тізімде 59 орынға орналасыпты.
Халық санына қатысты осы сайттың форумында жарияланған келесі бір ақпаратта Қытай астанасы Пекинде жан санының 10 миллионға азайғаны айтылған. Пікір иесінің айтуынша, Қытайдың ақпарат көздері «дәстүрлі жаңа жыл қарсаңында Пекинге сырттан келгендердің ауылына қайтуы себебінен бүкіл қаланың жан саны 10 миллион адамға азайып, көшелер қаңырап қалды» деп хабарлапты.
Осы ақпаратқа қатысты түскен пікірлердің бірінде сайт оқырманы «Бейжиңнің жалпы жан саны 20 миллион адам болып, осы жолы соның тең жартысы ауылына жаңа жыл өткізуге кеткен. Шанхайда 16 миллион, Бейжиңде – 20 миллион, бір қаланың өзінде не деген көп адам, ал қазақтың ең үлкен қаласы Алматыда бір жарым миллион адам әзер шығады» деп жазыпты.
Ұқсас
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады