Accessibility links

USA-ELECTION/TRUMP
USA-ELECTION/TRUMP

live Дональд Трамп жеңіске жетті

АҚШ-тағы CNN, AP сияқты негізгі ақпарат құралдары президент сайлауында Республикалық партия өкілі Дональд Трамп жеңіске жеткенін хабарлады. Трампты әлем елдерінің басшылары құттықтап жатыр.

15:50

Дональд Трамп жеңіске жетті - БАҚ

Дональд Трамп Висконсин штатында жеңіске жетіп, Сайлаушылар алқасының президент болып сайлануға қажет 270 дауысын жинады. Сөйтіп, ол вице-президент, Демократиялық партия атынан үміткер Камала Харристен басым түсті. АР мәліметі бойынша, Трамп 5 қарашадағы сайлауда 277 дауыс алған.

15:00

Дмитрий Песков: Путин Трампты құттықтамайды

АҚШ – Ресейге қарсы соғысқа араласып отырған дос емес мемлекет деді Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Оның айтуынша, Владимир Путин Трампты құттықтамайды.

13:55

Дәл қазір Дональд Трампты жеңісімен құттықтағандар:

  • Сальвадор президенті Найиб Букеле,
  • Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан,
  • Австрия канцлері Карл Нехаммер
  • Сербия президенті Александр Вучич
  • Франция президенті Эммануэль Макрон
  • Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху
  • Украина президенті Владимир Зеленский
  • Грузия президенті Саломе Зурабишвили
  • Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер
13:54

АҚШ сайлауында телеарналар мен медиалар жеңімпазды неге бірінші жариялайды?

АҚШ сайлауында жеңімпаз ресми түрде бірнеше күннен кейін жарияланады. Бірақ Fox News, NBC News арналары кейбір штаттарда дауыс саналып бітпей жатып жеңімпазды жариялап қойды. Неге?

АҚШ сайлауында жеңімпаз ресми түрде бірнеше күннен кейін, тіпті бірнеше аптадан соң жарияланады. Ресми қорытынды қаңтарда белгілі болады. Ал халық нәтижені ұзақ күткісі келмейді. 1848 жылы америкалық Аssociated Press агенттігі өз есебін жүргізіп, кім жеңетінін жариялаған. Содан бері АҚШ-тағы алпауыт медиалар сайлау нәтижесін "projected" (жобаланған нәтиже) деп жариялап келеді.

Сайлау алдында медиалар редакциядан бөлек сарапшылар тобын құрады. Олардың ішінде саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, математиктер, саяси тілшілер, дата журналистер кіреді. Бұл топ деректер мен болжамдарды, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігін зерттеп, нәтижеге сенімді болғанда көпшілікке ұсынады.

Мәселен, бұл сайлауда Fox News бәрінен бұрын Трампты президент деп жариялайды. Әр телеарнаның болжамы кейін ресми нәтижеге жақын болып жатады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG