Accessibility links

Чехия президенті 60 адамға украин әскерінің құрамына қосылуға рұқсат берді


Чехия президенті Петр Павелдің Украина басшысы Владимира Зеленскийді қарсы алған сәті. 6 шілде 2023 жыл.
Чехия президенті Петр Павелдің Украина басшысы Владимира Зеленскийді қарсы алған сәті. 6 шілде 2023 жыл.

Чехия президенті Петр Павел 60 адамға украин әскерінің құрамына қосылуға рұқсат берді. Бұл жөнінде 2 қарашада мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Филип Платошқа сүйенген Чех радиосы хабарлады.

Чехияда президенттің рұқсатынсыз шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мұндай рұқсат алғаш рет беріліп отырған жоқ: 2023 жылы желтоқсанда Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін украин әскерінің құрамына қосылғысы келетін чехтардың саны 553-ке жеткені белгілі болды. Рұқсатты 151-і алған.

Қазанда Петр Павел Бахмуттағы соғыста қаза болған чех еріктісі Карел Кучерді "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Тамызда Прага соты чех еріктісі Филипп Симанды Киев маңындағы соғыста тонаумен айналысқаны үшін жеті жылға соттады.

Симан украин әскерінің құрамына Чехия президентінің рұқсатынсыз қосылған және Чехияда шетелдің қарулы күштеріне қызмет еткені үшін айыпталған. Соңғы аталған іс бойынша ол ақталып шықты. Сот Чехияның премьер министрі Петр Фиала мен бұрынғы президенті Милош Земанның Украина әскеріне қосылғандарды қудаламау туралы сөзіне сүйенген.

XS
SM
MD
LG