Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев 20 жыл түрмеге сырттай сотталуына орай мәлімдеме жасады. "Куб" тәуелсіз интернет-сайтында жарияланған мәлімдемесінде Рахат Әлиев сот саяси қудалаудың құралына айналды, үкімді мойындамаймын деді. Рахат Әлиев қудалануымның негізгі себебі – президент Назарбаевқа қарсы шығып едім дейді. Рахат Әлиев, сол сияқты, Нұрсұлтан Назарбаев 15 миллиард доллар жинап алған, 2030 жылға дейін билік басында отыра бермек, одан кейін билікті мұрагеріне тапсырмақ, мұрагерін дайындап қойған дейді. Австрияда жан сауғалап жүрген Рахат Әлиев мафия үлгісінде қылмыстар жасады делініп осы аптада 20 жыл түрмеге сырттай кесілді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Зумретай Аркинмен сұхбат
"Қытайға экстрадицияланған ұйғырлар ұшты-күйлі жоғалады"
-
Сайлау қорытындысы
Билеуші партия жеңгенін жариялап, оппозиция мойындаудан бас тартты
-
Грузиядағы парламент сайлауы
"Грузин арманы" жеңіп жатыр, оппозиция сайлау нәтижесін мойындамады