Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ инфекциясына шалдыққан балалар саны 63-ке жеткендігі туралы мақала «Айқын» газетінде жарық көріпті. «Бұл уақытта облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан жұқпалы індетке ұшырағандарды емдеуге арналған 30 орындық палаталар бөлінген. Облыстан, Астанадан құрылған комиссиялардың, іс қозғауға көшкен құзырлы органдардың бар мақсаты – жұртты аяғынан тік тұрғызған аса қолайсыз оқиғаның шығу себеп-салдарын емес, «кім кінәлі?» дегенді анықтау екені аңғарылып тұр. Резервте 5 миллион теңге қалыпты, облыстық мәслихат сессиясы қыркүйектің 29-ында өтеді екен. Депутаттар келісім бергеннің өзінде қаржы сол күні лақ етіп құйыла салмайды» деп жазды «Айқын» газеті.
ВИЧ инфекциясының таралуы проблемасы алғаш рет Халықаралық парламентік конференцияда талқыланғандығына «Литер» газеті мән беріпті. Қырғызстанда өткен бұл форумда Дүниежүзілік банкінің сарапшылары Орталық Азия ВИЧ инфекциясының эпидемиясын басынан кешіруде деген тоқтам жасаған. АҚШ-тың аурудан сақтану және емдеу орталығының мәліметі бойынша, қазіргі таңда аймақта 90 мыңға жуық адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Сонымен бірге экономистер аймақ өкіметтерін бұл кеселмен ерте бастан күреспесе, ертеңгі күні оған кететін шығын өсетіндігін ескертіпті. Мәселен, аймақта инфекцияның таралуын осы бастан тоқтатпаса, алдағы он жылда бұл жағдай экономиканың дамуын Өзбекстанда 20 пайызға, ал Қазақстан мен Қырғызстанда 10 пайызға тежейді екен» делінген «Литер» газетінің мақаласында.
Шымкенттегі шуға шетелдік мамандар араласатындығы туралы «Айқын» газетінде айтылыпты. «Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Балалар қорының өкілдері Қазақстанның оңтүстігінде орын алған қасіретті жағдайдан жақсы хабардар болып шықты» делінген мақалада. «Тіпті аталған ұйымның бір топ өкілі даулы мәселеге мән бергені соншалық, ғасыр індетіне тап болған балалардың хал-жағдайын өз көздерімен көру үшін Шымкентке келген. Халықаралық ұйымдардың сарапшылары Денсаулық сақтау министрлігі және Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау департаментінің өкілдерімен алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеп, жұрттың жүйкесіне тиген аурудан айығу жолдарын қарастырады. Қазіргі таңда дәрігерлер аймақтағы 8609 баланы тексеріпті. Жалпы, тексерілетін балалар саны – 12 285» деп жазды «Айқын» газеті.
Бұл уақытта Қарағандылық шахтерлер тағы бір наразылық шеруіне дайындалып жатқандығы да «Айқын» газетінде баяндалыпты. "Миттал Стил Теміртау" акционерлік қоғамының металлургтері жалақы көлемін 40 пайызға көтеруді талап етіп, қыркүйектің 30-ы күні митингі өткізбекші» делінген мақалада. «Митингіні ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, алдағы сенбі күні болатын наразылық акциясына металлургтері бар, шахтерлері бар ұзын саны 5 мың адамдай қатысатын болады. Ал дүйсенбі күні таңертеңгі ауысым кезінде наразылық танытқан шахтерлердің бұл акциясы сол күні кешкісін Шахтинск қаласының әкімдігі жанындағы алаңда үлкен митингіге ұласты. «Ленин», «Шахтинск», «Қазақстан» және «Тентек» шахталарының әрқайсысынан 5 өкілден тұратын делегация "Миттал Стил Теміртау" басшыларымен келіссөзге отырады. Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин бұл процеске кепіл болып қатысатындығын айтқан» деп жазды «Айқын» газеті.
Қазанның 20-сында өтетін әкімдер сайлауына республикалық бюджеттен 132 миллион теңге қарастырылғандығы туралы «Егемен Қазақстан» газетінде айтылыпты. «Аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдігіне 148 кандидат ұсынылып, оның 142-сі жергілікті аумақтық сайлау комиссияларында тіркелген. Насихат жұмыс¬тары қазанның 18-інде аяқ¬талады. Жалпы, “2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасында Орталық сайлау комиссиясының қызметін қаржы¬лан¬дыруға барлығы 4 миллиард 443 млн. тең¬ге сомасында қаражат көзделген. Бұл қаржы Орталық сайлау ко¬мис¬сия¬сына өткен жылы бөлінген қара¬жаттан едәуір көп. Оның көп болатын себебі, келесі, яғни 2007 жылы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізіледі. Келесі жылы өтетін барлық деңгейдегі мәсли¬хат¬тар¬да жалпы саны 3322 депутат сайланады деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.