Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс бабымен Алматы қаласына келіп, арнайы экономикалық аймақтың ашылуына қатысқандығы туралы «Айқын» газетінде былай баяндалыпты: «Алматыдан 25 шақырым жердегі Алатау ауылында Нұрсұлтан Назарбаев мұндай тұңғыш ірі ақпараттық технологиялар паркін ашу идеясы 2002 жылы Үндістанның Бангалор қаласындағы ақпараттық технологиялар орталығын көрген кезде туындағанын айтты. «Жалпы алғанда 350 гектар аумақты алып жатқан паркке әлемнің ең жетекші компанияларын шақырылатын болады. Қазірдің өзінде көптеген компаниялар осында келуге өтініш беруде және қазірден жұмыс істеуде. Бизнестің оларға да, Қазақстанға да пайдалы болуы үшін барлық қажетті жағдайды жасайтын боламыз», деді Президент. «Технобақ жанынан әлемдік тәжірибеге сәйкес, телекоммуникациялық, логистикалық, оқыту және басқа да сервистік қызмет көрсету компанияларын құру жоспарланып отыр» делінген «Айқын» газетіндегі мақалада.
Ақпараттық технологиялар паркін құруға 3 жарым миллиард теңге жұмсалғандығына «Экспресс К» газеті мән беріпті. Қазақстанның индустриалдық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін даму институттарын құру қолға алынған. Қазіргі таңда осындай 200 нысан жұмыс істеп жатыр. Оған 4 жарым миллиард доллар қаржы жұмсалыпты. Одан бөлек барлық даму институттарын біріктіру үшін «Қазына» корпорациясы құрылған. Одан соң Президент жаңадан ашылған тағы бір үлкен кешен – «Алматы Мега орталығының» ашылу салтанатына қатысқан. «Қазақстанда теңдесі жоқ үлкен орталықтың салынуына 2 миллиардқа жуық доллар жұмсалыпты» деп жазды «Экспресс К» газеті.
«Алматыдағы жұмыс сапары барысында Президент «1986-шы жылғы оқиға» құрбандарына арналған монументті ашуы тиіс болатын» деп «Комсомольская правда: Казахстан» газеті жазыпты. «Алайда Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарына орай дайындауға тырысқан құрылысшылар күні-түні жұмыс істеп, ақыры үлгере алмаған көрінеді» делінген мақалада. Осыған байланысты «Тәуелсіздік таңы» деп аталатын монументті ашу салтанаты кейінге қалдырылған. «Соған қарамастан ашылу салтанаты болады деп арнайы келген жұртшылық гүл жоқтарын бітпеген монументке қойып жатты» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың республика аймақтарына жасаған сапарлары қандай нәтиже береді деген сұраққа «Литер» газеті жауап іздепті. Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың пікірінше, мемлекет басшысы осы сапарлары арқылы қоғамдық пікірді білгісі келеді. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев аймақтағы басшылармен кездесу арқылы министр қызметіне жаңа адамдарды іздестіруі ғажап емес. Үшіншіден, бұл сапарлар қазанның 20-күнгі аймақ басшыларын сайлауға байланысты болуы мүмкін, депті Досым Сәтпаев. Саясаттанушы Олег Сидоров та Үкіметте кадрлық өзгерістер болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. «Бұл Президенттің жаңа мерзімге сайланғалы бергі ел арасына алғашқы сапарлары» депті Олег Сидоров «Литер» газетіне берген сұхбатына.
Бұл уақытта Атырау облысындағы Сарықамыс ауылының тұрғындары қоныс тойын тойлағандығы «Айқын» газетінде айтылыпты. Теңіз мұнай кен орнына таяу орналасқан Сарықамыс ауылы қоғамдық ұйымдардың ғана емес, үкімет пен сол маңайда жұмыс істеп жатқан "Теңізшевройл" компаниясының да басын талай жыл ауыртты. «Енді Лесхоз шағын ауданы мен Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде сап түзеген тұрғын үйлерге көшіп келіп жатқан сарықамыстықтардың қуанышында шек жоқ. Жанға жайлы, суы мен ваннасы ішінде орналасқан үйлер сарықамыстықтардың бұрын түстеріне де кірмеген ғажайып мекенжай секілді. Бір бөлмеліктен бастап, бес бөлмеге дейінгі үйлер отбасындағы адам басына қарай беріліпті. Сарқамыстықтардың жаңа ауылын тұрғызуға 93 миллион доллар қаржыға жұмсалыпты» делінген «Айқын» газетіндегі мақалада.
Қазақстанда тиым салынған «Азбат әл Инсар» ұйымының мүшелері Қарашаған кенішіне қарапайым құрылысшылардың кейпінде барып, үгіт-насихат жүргізгендігі «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде баяндалыпты. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің террорға қарсы орталығы басшысының орынбасары Асқар Әмірхановтың айтуынша, шетел жұмысшылары арасында аталған ұйымға қатысы бар 23 адам анықталып, олар республика аумағынан шығарылған. Әйгілі «Аум Сенрике» сектасы Қазақстанда тиым салынған ұйым қатарын толықтыруы мүмкін. Аталған ұйымның мүшелері өздерінің бөлімшесін Қызылордада құруға талпынған. Қазір бұл іс Бас прокуратураға жіберіліп, жыл соңына дейін «Аум сенрике» сектасына қатысты шешім шығарылады» деп жазды «Комсомольская правда: Казасхтан» газеті.