«Новое поколение» газеті тамыздың 20-күнгі Ақтау қаласында өткен заңсыз шеруді, әртүрлі құрылымдардың әрқилы түсініктемесіне қарамастан, аптаның ең құйтырқы мәселесі ретінде бағалап отыр. «Ресми мәлімдемелерді көбірек естіген сайын бұл митингтің себебін түсіну соншалықты қиын болып отыр» делінген мақалада. «Наразылық шарасының өтетіндігі барлығына алдын-ала белгілі болған. Өйткені акцияның қашан болатындығы жазылған үндеу қағаздар 10 күн бұрын таратылған. Бұл қағаздарда жергілікті биліктің жемқорлыққа қатысы барлығы, сонымен бірге облыстың атынан сайланған мәжіліс депутаттарының халықтың қалауына бей-жай қарап отырғаны айтылыпты». «Новое поколение» газеті Ақтаудағы оқиғаны Алматыдағы «Шаңырақ» оқиғасымен ұқсас екендігін жазыпты. Сарапшылардың барлығы мұндай жағдайға биліктің дайын еместігін атап көрсеткен. «Сарапшылар халықтың баскөтерулерін реттеу репрессиялық немесе қарулы күшпен жүзеге аспауы керек деп есептейді» делінген «Новое поколение» газетіндегі мақалада.
Маңғыстау әкімшілігі мәселені шешудің жолдарын қарастырудан көрі, кінәлілерді іздеуге күш салып жатқандығы «Республика» газетінде айтылыпты. Тамыздың 21-күнгі Ақтау әкімшілігінің таратқан баспасөз мәлімдемесінде жаппай тәртіпсіздіктің себептері мен оны ұйымдастырушылар және зардап шеккендер туралы ештеме айтылмаған. Бірақ онда «31 телеарнаның» журналистері басты арандатушылар ретінде атап көрсетілген. Маңғыстау әкімшілігінің мұндай мәлімдемесінен соң аталған телеарна тәуілсіз тексерушілерге жүгініп, Ақтаудың медорталықтары оқиға барысын бақылаған журналистердің қанында алькогол таппаған. Билік тарапынан «ішіп алып» баскөтерулер ұйымдастырды деп айыпталып отырған 24 жасар Светлана Сұлтанғараева мен 18 жасар Сандуғаш Шортанова осындай тексеруден өту үшін Алматыға шақыртылған. «Бұл екеуі қалайша осындай баскөтерулерді ұйымдастыра алуы мүмкін?» деп жазды «Республика» газеті.
Бұл уақытта өткен жексенбіде ғана халық пен билік арасындағы қақтығысты басынан кешірген Ақтау қаласында «Каспий – достық теңізі» атты халықаралық фестивалі басталғандығына «Литер» газеті мән беріпті. «Президент Нұрсұлтан Назарбев бұл шараға қатысы алмапты, бірақ фестиваль атына ыстық сәлемін жолдапты» делінген мақалада. Президенттің хатында Қазақстан қашан да Каспий аймағындағы мемлекеттермен арадағы тұрақтылықты үндеп келгені туралы айтылыпты. «Фестиваль аясында «Ашық Каспий» атты көрме ұйымдастырылып, оған Қазақстанмен қатар Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан, Иран елінің шеберлері өз туындыларын көпшілікке ұсыныпты. Сонымен бірге эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт болып, мәдени және спорттық жарыстар ұйымдастырылды» деп жазды «Литер» газеті.
Бұл уақытта Теміртау қаласының металлургтері тамыздың 22 күні кен қожайыны «Миттал Стил Теміртау» компаниясымен еңбек жанжалын ашқандығы «Караван» газетінде айтылыпты. Жұмысшылар еңбек жалақысын 40 пайызға көбейтуді талап етіп отыр. Олай болмаған жағдайда метталургиялық комбинатта наразылық шеруі басталады» делінген мақалада. «Аталған компанияның жұмысшылары компания басшылығымен екі ай бойы нәтижесіз келіссөздер жүргізіп келген. Ал компания қожайыны Миттал мырза бұдан маңыздырақ іспен басы қатып жатқан: еуропадағы ірі «Арселор» компаниясы үшін «Миттал Стил» ресейдің «Северсталь» компаниясымен таласып жатқан болатын. 2006 жылғы маусымның 30-күні «Арселор» компаниясының 50 пайыз акциясына ие болған Лакшми Миттал әлемдік құрыш нарығында монополистке айналған. Ал компанияның жылдық таза табысы 10 миллиард долларға жеткен. Алайда мұндай байлықпен теміртау жұмысшылары ортақтаса алмайды. Керісінше олардан өнімді жұмыс талап етіледі. Қара жұмысшылар болса он жыл бойы айтылып келе жатқан бұл әуенді енді тыңдағысы жоқ» деп жазды «Караван» газеті.
«Миттал Стил» компаниясы жұмысшылардың айтқанын неге орындамайды деген сауалды «Литер» газеті қойыпты. Еңбек Конфедерациясының вице-президенті Леонид Соломиннің айтуынша, қарағандылық кеншілер тек талап қоюмен ғана шектеліп отыр. Құр талаптардан компания ұтылмайды, наразылық акциясы барысында компания табысына шығын келуі мүмкін, деді Леонид Соломин. Ал мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалинов болса наразылық шерулері, акциялар ештемені шешпейді деп есептейді. Бұл мәселені заңдардың көмегімен шешкен абзал, деп жауап беріпті депутат Шаймерден Оразалинов «Литер» газетінің сауалына.