Сомали астанасы Могадишо қаласына қару жеткізген беймәлім ұшақ қазақстандық «GST» компаниясының меншігі болуы мүмкін деген болжамды «Время» газеті жазыпты. Мақала авторы Геннадий Бендицкийдің пікірінше, Могадишо әуежайына қонған «ИЛ-76» ұшағының бортты нөмірі «76496». «Қазіргі таңда Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті және азаматтық авиация комитеті, сыртқы істер министрлігіндегілер бұл ұшақтың бірнеше айдан бері Африканың Сомалиге көршілес Эритрея мемлекетінде екендігін жақсы біледі» делінген мақалада. «Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Біріккен араб әмірлігінен ұялы телефондардың көлемді жүгі әуе жолы арқылы Шымкентке заңсыз жеткізіліп келгендігін анықтап, жүктің қожайыны мен «GST» әуекомпаниясының директоры Вадим Фахрутдиновқа қарсы қылмыстық іс қозғаған болатын. Соған қарамастан аталған әуекомпаниясының қызметіне тиым салынбаған» деп жазды «Время» газеті.
Осы тақырып төңірегінде жазылған «Литер» газетінің мақаласында Қазақстанға қатысты халықаралық жанжалдардың көбі заңсыз қару саудасымен байланысты болып келгендігіне мән беріпті. Мақала авторы Досым Сәтпаевтың пікірінше, республикадағы қару саудасы мемлекеттік бақылауға алынбайынша осындай жанжалдардан айналып өту қиынға түспек. «Бұған дейін Қазақстан Югославия мен Солтүстік Кореяға қару сатқан деген күдікке тап болған еді. Одан соң Қазақстан ураны Иран және Ливанға жеткізіліпті деген әңгіме шыққан. Соған байланысты болуы керек, Қазақстандағы ядролық контрабандашылар тақырыбы батыстың ақпарат құралдарында ғана емес, Голливудта та кеңінен қолданылып жүр» делінген «Литер» газетінде басылған мақалада.
Бұл уақытта Украинаның фосфор қалдықтары Қазақстанға әкеліне ме деген сұраққа жауап іздеп, билік өкілдеріне сұрау салған «Комсомольская правда: Казахстан» газеті бұл туралы Үкіметтің бейхабар екендігін жазды. Аталған басылымда фосфор қалдықтарын Украинадан Қазақстанға әкелу туралы келісім «Славэкохим» және қазақстандық «TRANS ECO LLP» компаниялары арасында жасалғандығы айтылған. Украинаның химиялық өңдеу зауытында 400 тонна фосфор жиналып қалған екен. 2002 жылы өндіріс қалдығын көшіруге Ресеймен жүргізілген келіссөздер сәтсіз аяқталған. Ал өткен жылы фосфордан өрт шыққан кезде экологиялық апаттан сескенген халық қатты алаңдаушылық білдірген. Жақын күндері қалдықтар Қазақстанға әкелінуі тиіс. Келісімнің құны – 357 мың теңге. Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Зейнулла Сәрсембаев газет тілшісіне бұл туралы естімегендігін айтқан. «Қауіпті жүк артылған вагондар Қазақстан аумағына кірген-кірмегені тағы белгісіз» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Үкімет басшысы Данил Ахметов тамыздың 9-күні Маңғыстау облысында химия өндірісін дамыту тақырыбында кеңес өткізгендігі «Казахстанская правда» газетінде жазылыпты. Атап айтқанда жиында «Қазазот» кәсіпорнының жаңа химиялық комбинаты туралы сөз болған. «Бұл комбинатта Қаратау кенінде өндірілетін фосфорит шикізат ретінде қолданылатын болады. Сонымен бірге Теңіз кенішінің сұйық күкірті мен табиғи газ әжетке жаратылмақ. Ал комбинаттан күкірт қышқылы аммиак және азтор шығарылатын болады. Үкімет басшысы Даниял Ахметов аталған кешен іске қосылған жағдайда Ақтау қаласын энергиямен қамтамасыз ету жағын алдын ала ойластыруды тапсырды» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
Британдық сайқымазақ Саша Коуэн арнайы шақырту алып, Алматыға келмегендігі туралы мақала «Комсомольская правда: Казахстан» газетінде жарық көріпті. Алматылық диджей Мойше қазақстандық журналист Борат Сағдиевтің ролін сомдаушы сайқамазақты «тарихи Отанына» шақырған болатын. Британдық қонақтың келіп-кетім шығынын да өзі көтеруге ниет білдірген Мойше мырза Саша Коуэнді Қазақстанмен жақынырақ таныстырмақ болған екен. Алайда ол қонақжай диджейдің кешіне келмепті. «Мойше мырза ұйымдастырған кешке жиналған қонақтар сайқымазақ суреті басылған нысананы көздеуден жарысты» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.