Ондаған миллион теңге табысын ала алмаған Солтүстік Қазақстан облысындағы жұмысшылардың наразылық шеруіне шыққандығы туралы «Литер» газетінде жазылыпты. Аталған облыстағы Қарақоға элеваторының еңбеккерлеріне алты миллион теңгенің жалақысы берілмепті. «Шеруге шыққандар «Жалақыны қашан бересің?» деп ұрандатқанымен, кәсіпорын қожайындары олардың алдына шықпады» делінген мақалада. Енді қарақоғалықтар өз табыстарын ең жоғарғы жаққа шағындану арқылы алуға кіріскен көрінеді. Президентке жазған хатында жұмысшылар 2004 жылдан бері жалақы толық төленбей келе жатқандығын атап көрсеткен. «Ал 2005 жылы аудандық сот 4 миллион теңгені жұмысшылардың пайдасына шешіп берген. Бірақ сол сот шешімі қазіргі күнге дейін орындалмай келеді. Тағы бір хат Солтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігіне жолданыпты. Онда жұмысшылар облыс орталығында шеру өткізуге рұқсат беруін сұрапты» деп жазды «Литер» газеті.
Оңтүстік Қазақстан облысында жаппай ВИЧ инфекциясына шалдығу оқиғасына орай «Комсомольская правда: Қазақстан» газеті кесел балаларға донор қаны арқылы жұққан болуы мүмкін екендігін жазды. Жақында СПИД-пен күрес орталығы тағы төрт балада қауіпті кеселдің барын анықтағаны белгілі. «Қалған бес баланың анализі тексеріліп жатыр. Ал күн тәртібінде басты екі мәселе тұр: кеселдің қайдан жұққанын анықтау және кәнілілерді жазалау» делінген мақалада. Орталық Азия бойынша СПИД–пен күрес орталығының маманы Михаил Фаворов медициналық құрал-жабдықтардың әртүрлілігі – жұқпалы вирсутың таралуының басты себебі болуы мүмкін екендігін айтқан. Сонымен бірге маман вирустың донор қаны арқылы жұғуы мүмкін екендігін де жоққа шығармады «Тамыздың 8 күні Оңтүстік қазақстан облысында министрліктің тағы бір комиссиясы жұмыс істей бастады. Олар облыстағы 153 аурухана мен 161 амбулаториялық емханаларды және 546 фельдшерлік пунктерді тексеріп шығады» делінген «Комсомольская правда: Қазақстан» газетіндегі мақалада
Бұл уақытта Қазақстан жұртшылығы министрліктің тиым салған дәрі-дәрмектерін пайдаланып келетіндігіне «Литер» газеті мән беріпті. «Мәселен, қоғамда анальгин дәрісін пайдаланбаған адамды кезектіру өте қиын. Аталған дәріні пайдалану батыста баяғыда тиым салынса, Қазақстанда анальгинді бюджет қаржысына сатып алу тоқтатылған. Мамандардың айтуынша, анальгиннің аса қажетті дәрілер санатынан шығарылуы біртіндеп қоғамның одан алшақтауына алып келеді» деп жазды «Литер» газеті.
Сонымен бірге аталған басылымда Алматы қаласында баспана бағасы Мәскеудегі бағамен салыстыратын жағдайға жетіп қалғаны сөз болыпты. Мәселен, Ресей астанасындағы баспананың шаршы метрі 3900 долларға жетсе, Алматыда оның бағасы 3,5 мыңды шамалаған. «Ресейде бағаны түсіруді құрылыс компанияларына ықпал ету арқылы жүргізіп жатса, Алматыда баспана бағасын құрылыс компаниялары емес, одан алып сататындар билейді. Статистика агенттігінің мәліметіне қарағанда, Алматыда жаңа құрылыс пен тұрғылықты үйлердің бағасында айырмашылық үлкен: жаңа салынған үйдің шаршы метрі 4225 теңгеге қымбаттаса, тұрғылықты үйлердің бағасы 13814 теңгеге өскен» деп жазды "Литер" газеті.