“Марс-500 сынағы” – күнделікті өмірде болатын нәрседен гөрі – таңғажайып, ғылыми-фантастикалық көркем фильмнің атауына көбірек ұқсайды. Дегенмен де, “Марс-500 сынағы” – таяуда ғана ресми түрде жарияланған және 2007-нші жылдан бастап жүзеге асырала бастайтын ғарыштық жобаның ресми атауы болып табылады. Осы жобаны қаржыландыратын Мәскеудегі ғылыми-зерттеу Институты Марс жұлдызына, іс жүзінде, ешқандай ғарыш кемесін инемесе ғарышкерді ұшырмайды... Әзірше ұшырмайды (!). Оның орнына 6 адам, өз ықтиярлары бойынша, ауа кірмейтін арнайы капсуланың ішінде 500 күн бойы өмір сүріп, сынақтан өтеді. Олар саф таза ас ішіп, тазартылған ауамен тыныс алып, пайда бола қалған кез-келген проблеманы сырт жақтың көмегінсіз шешуге тиіс болады. Капсуланың әрбір бұрышына орнатылған бейнекамералар мен микрофондар олардың әрбір қадамын, іс-қимылын қадағалап отырады. Бұл сынақтың басты мақсаты – ұзаққа созылатын ғарыштық сапардың талап-шарттарын айқындау болып табылады.
Шынында да, бұл жоба Марс жұлдызына қарай сапар шегуге дайындалу үшін іске асырылмақ болса керек. Болашақта Ресейдің ғарыштық агенттігі сондай қадамға баруы әбден мүмкін. Ресей ғалымдары әлгі сынаққа қатысқысы келгендердің өтініштерін осы аптада қабылдай бастады. Сынаққа жіберілетін 6 адам айтарлықтай жас және университеттік дипломы болып, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге тиіс. Сонымен қатар, “Марс-500 сынағына” сай болып танылуы үшін олар тиянақты дәрігерлік және психологиялық тексеруден өтуге міндетті.
Егер өткен аптада Сіз Антарктидаға барған болсаңыз, онда Сізге өте жылы тон қажет болар еді. Өйткені, өткен сейсенбі күні ауаның температурасын өлшейтін зонд-шар ауаның 87 градусқа дейін суығанын тіркеді. Алайда, өткен аптада Сізге жылы тонмен қатар бейнекамера да қажет болар еді. Олай дейтін себеп: адам айтқысыз аяз аспанда “Маржан бұлт” деп аталатын сирек те, бірақ өте әдемі бұлттың қалыптасуына себеп болды. Кемпірқосақтың аспан көк, қызыл, сары және тағы басқа түстерімен жалтылдайтын реңі үшін бұл бұлттарды, кейде, “Маржан бұлт” деп атайды екен. Аспан қарая бастап, күннің сәулесі биік атмосферадағы мұз кристалдары арқылы өткен сәтте, “Маржан бұлт” кемпірқосақтың сан-алуан реңімен жалтылдайтын көрінеді. Бұл жолы аустралиялық метеоролог Риней Бейкер (Renae Baker) бұлттың түрлі-түспен жалтылдаған дәл осы сәтін фотоаппаратымен түсіріп алыпты. Ал келесі жолы Сіз Антарктидаға бейнекамераңызды ала барсаңыз, ғажайып көріністі Сіздің де түсіріп алуға мүмкіндігіңіз болады.
Ұлы Британия мен АҚШ-тың батысындағы Калифорния штаты ғаламдық ауа райының жылынуы проблемасымен бірлесіп шұғылданбақ жоспарын жария етті. Өткен аптадағы кездесуі барысында британ премьер-министрі Тони Блэр мен Калифорния штатының губернаторы Арнольд Шварценеггер ғаламдық ауа райының жылынуына қарсы бірігіп күресу туралы шартқа қол қойды. Британ халқына арнап сөйлеген сөзінде Т.Блэр атмосфераға шашылатын көмір қышқыл газды 1990-ыншы жылғы көлемінен 2050-інші жылға қарай 60 пайызға дейін дерлік азайтуға шақырды. Ал Америка президенті Дж.Буш АҚШ-тың үлесіне жататын улы газды күштеп қысқарту туралы ұсынысты - “ондай шара Американың еңбек нарығына нұқсан тигізеді” деген уәжбен қабылдамады. Бірақ Калифорния губернаторы Арнольд Шварценеггердің есептеуінше, британ премьер-министрі Т.Блэр қарама-қарсы көзқарасты дәлелдеді.
“Ол (яғни Т.Блэр) біздің баршамызға зор дем берді, - деп атап көрсетті Шварценеггер Тони Блэр туралы, - Өйткені, ол Сіздің екі нәрсені де қатар істей алатыныңызды дәлелдей алған үлкен лидер болды: Сіз қуатты экономиканы да тұрғыза аласыз және, сонымен қарама-қатар, Сіз қоршаған ортаға да қамқор бола аласыз”.
Өткен жылы АҚШ-тың Калифорния штаты, ғалымдардың ортақ пікірінше, ғаламдық ауа райының жылынуына себеп болған әлемдегі ең ірі өнеркәсіп көздерінің ішіндегі 12-ншісі болып тұрды.
Міне, осы айтылған жаңалықтар – ғылымның осы аптадағы ең негізгі де маңызды сәттері болды.