Алматы маңындағы «Шаңырақ» және «Бақай» ауылдарындағы заңсыз соғылған үйлерді қирату әрекеті - қазір адам шығына әкеп соқтырған шілде оқиғасы ғана емес, республикалық маңызы бар дағдарыс ретінде бағаланып отыр. «Шаңырақ дағдарысы» тақырыбымен өткен форумда шілде айындағы оқиғалардың себеп-салдары сөз болып, қоғам қкілдері ауыл тұрғындарымен бірге осы дағдарыстан шығу жолдарын қарастырды.
- Шаңырақ-Бақай дағдарысына дейін халық саясатқа дұрыс араласпайтын. Бұған дейін Қазақстандағы саясат билік пен оппозицияның арасындағы қара-қайшылыққа түзілсе, шілдедегі оқиғадан соң қарапайым халық өз құқықтары мен мүдделері үшін күресуге шындап кіріскендігін көреміз,- деді «Алға» саяси ұйымының жетекшісі Асылбек Қожахмет.
Оның пікірінше, «Шаңырақ» және «Бақай» ауылдарындағы дағдарыстың түп-төркіні Үкіметтің теріс саясатында жатыр.
- Дағдарыстың басты себебінің бірі ретінде – тәуелсіздік жылдары Қазақстанда билік аграрлық салада ештеме бітірмегендігін айтуға болады. Республика халқының жарымына жуығы биліктің ауыл реформаларынан тыс қалып, «Ауыл жылдары» бағдарламасы бұларға ешқандай пайда әкелмеген. Ауыл тұрғындары тіршілік үшін күресте мекенін тастап қалаға қашуға мәжбүр,- деді «Алға» саяси ұйымының жетекшісі Асылбек Қожахмет.
Жиынға Шаңырақ және Бақай ауылдарының тұрғындары да қатысты. Әңгіме басын шілденің 14-күні Шаңырақта полициямен тұрғындар арасындағы қақтығыстан соң қаза тапқан Әсет Бейсеновтың өлімі үшін Шаңырақ халқының атынан кешірім сұраудан бастаған осы ауылдың тұрғыны Бибатима Шайхина бұл дағдарысқа жер туралы заңның қабылдануы түрткі болғандығын алға тартты.
- Жерді жекешелендіру туралы заң шыққан соң бүкіл халық қайда барарын білмеді: қарапайым халық жерді аукционнан сатып ала алмайды және ипотекалық несиеге шамасы жетпейді. Сондықтан халыққа қандай түрде жеңілдікпен үй алатын жағдайларды жер телімдерін алатын жағдайды заңдарда қарастыру керек.
Ал сот орындаушылардың шешімімен баспанасынан айрылып, Нұрсұлтан және Сара атты егіз баласымен далада түнеп жүрген Бақай тұрғыны Венера Исмағұлова болса көпшілік алдында әлеуметтік теңдіктің сақталуын сұрады.
- Сол кездегі Түріксіб ауданының әкіміне барғанда, ол «мыркымбайлар» келген жерлеріңе қайтыңдар деді. Ал біз неге зардап шегуіміз керек? - деді Бақай тұрғыны.
Сонымен қатар бақайлықтар өз баспанасын қорғау үшін шатырдың үстіне шығып алған екі баланың алпыс күннен бері абақтыда жатқандығын, ал шаңырақтықтар болса шілденің 14-күнгі оқиғадан соң полициядағылар жүздеген адамнан ұрыс-соғып жауап алғандығын алға тартты. «Шаңырақтағы жағдайға байланысты тергеу бір жақты болып жатыр», деді «Өз үйімізді қорғайық» қоғамдық ұйымының төрағасы Маржан Аспандиярова.
- Алматының ішкі істер департаментінде, Әуезов және Түріксіб аудандарындағы бөлімшелерде, Бегалин көшесі бойында арнайы қабылдау орнында ұрып-соғып, олардан өздеріне қажетті мәліметті алғызып жатыр. Алматы қаласындағы биліктің фамилиясы – Иманғали Тасмағамбетов. Бұл мырза мемлекеттік қызметін дұрыс атқарған кезде мұндай болмас еді, - деді Аспандиярова ханым.
Маржан Аспандиярованың айтуынша, Бас прокуратураға Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов және қазіргі қала әкімі Иманғали Тастағамбетовтың қызметіне қатысты ауқымды тексеру жүргізу туралы өтініш түскен. Ал «Нағыз Ақ Жол» партиясының тең төрағасы Болат Әбіловтің пікірінше, Шаңырақтағы оқиға биліктің қарапайым халықтың тілін алуды әлі күнге дейін үйренбегендігінен де болып отыр.
- Мені қатты толғандыратыны - халық атынан сайланған жергілікті мәслихаттың бұл мәселеге қырын қарауы. Осы мәселені шешіңіздер, болмаса барлықтарыңыз отставкаға кетіңіздер. Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те қызметтен кетуі тиіс. Әкімшілік таратқан баспасөз мәлімдемесінде И.Тасмағамбетов тұрғындарды «әлеуметтік аутсайдерлер» деп атапты. Менің ойымша, бұл халықты мазақтау, - деді Болат Әбілов.
Ал «Шаңырақ» тұрғындарының қолдауымен қалалық мәслихатқа депутат болған Ернар Мәліков болса тұрғындарды басқа жерге көшіру керек деген ұсынысын ортаға салды.
- Заң бойынша сазда, газдың үстінде орналасқан үйлерді қалдыруға болмайды. Мүмкін, Алматы облысы аумағынан оларға жер бөліп беру керек шығар. Әлде газды басқа жерге көшіру керек пе екен, - деді мәслихат депутаты.
Сонымен бірге форумға қатысушылар қалалық әкімшілік үйінен айрылғандардың жағдайын ойлап, оларға өтемақы төлеу керек, шілде оқиғасына қатысқандар қудаланбасын және даулы жерлер халыққа заңдастырылып берілсін деген ұсыныстарын білдірді. «Шаңыраққа тірек» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшімнің айтуынша, форумда айтылған ұсыныс-талаптар билік өкілдеріне жолданады.