Азаматтық қоғамды дамытудың алдағы бес жылға арналған тұжырымдамасы өткен сәрсенбі күні қабылданып, сенбі күні ресми газеттерге басылды. Аталған құжат туралы жарлығында Президент Үкіметке бір ай мерзім ішінде Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырған. Алайда қоғам өкілдерінің бірқатары оның іске асатынына күмәнмен қарап отыр.
«Тұжырымдама әдемі тілмен жазылыпты, бірақ оны жүзеге асыратын механизмін көріп отырған жоқпын» деді «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім мырза.
- Тұжырымдаманың негізгі мәселерінің бәрі декларативті түрде жазылған сияқты. Жақсы-жақсы мақсаттар қойылған, бірақ оның жүзеге асыру тетігі көрсетілмеген. Тұжырымдамадағы маған ұнап отырған екі мәселе: қоғамның Үкімет жұмысын бақылауы – ол Қазақстанда қазіргі күні мүмкін емес; кезеңдерге бөлгені де жақсы шығар, мен әуелі азаматтық қоғамның не екенін халыққа түсіндіруді бірінші қояр едім, - деді Дос Көшім.
Тұжырымдамада оның іске асыру мерзімі үш кезеңге бөлік көрсетілген: 2006-2008 жэылдар аралығында азаматтық қоғамды одан әрі дамытуға бағытталған заң жобаларын әзірлеу жүзеге асырылады. Заң шығарушылық жұмысына азаматтық қоғам институттарының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар тартылатын болады» делінген тұжырымдамада. Алайда үкіметтік емес ұйымдардың Алматыдағы Конфедерациясының директоры Дмитрий Шорохов қабылданған заңдардың көбіне қағаз жүзінде қалып отырғанын алға тартты.
- Сан түрлі заңдар мен ережелерді ойлап табуға болады, бірақ оның титімдей пайдасы болмаса қайтесің? Бұл Тұжырымдама туралы әзірге пәлендей ештеме айта алмаймын. Бізде заңның жазылуы бар да, өмірде басқаша көрініс беретіні де жасырын емес, - деді Дмитрий Шорохов.
Тұжырымдамада коммерциялық емес секторға салық салу мәселесі және оны тіркеу мен тарату жағын жетілдіру керектігі айтылған. «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім үкіметтік емес ұйымдарға салық салу қажеттігін қоштамай отыр:
- Мемлекеттік емес ұйымдарға қандай салық салу керек екендігін мен түсінбеймін. Олар ешқандай пайда таппайтын ұйымдар болып есептеледі. Менің ойымша, қазірде жақсы жұмыс істеп тұрған заңдар болса, оны қатаңдатпай сол қалпында қалдырған дұрыс. Осы мәселені тек қана мемлекет шешпей қоғамдық ұйымдардың өздеріне беру керек.
Ал тәуелсіз журналист Сергей Дуванов болса азаматтық қоғамды дамытуды көздейтін бес жылдық жоспардың нәтижелі болатындығына күмәнмен қарайтындығын жасырмады.
- Тұжырымдаманың жүзеге аспайтынын бір оқып шыққаннан-ақ түсінуге болады. Мәселе - ондағы айталған нәрселерді орындайтын шенеуніктердің бізге тән жұмыс істеу ерекшелігінде болып отыр, - деді Сергей Дуванов.
Ал сөз бостандығын қадағалайтын «Әділ сөз» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ғалия Әженова болса мұндай Тұжырымдаманы қабылдаудың өзі қателік деп есептейді.
- Біз мынадай жылға дейін монархия құруымыз керек немесе 2011 жылға дейін республикалық жүйе болу керек деп бағдарлама құрудың өзі таңқаларлық жағдай. Азаматтық қоғам құруды жоспарлаған дұрыс емес. Ол бүгін де, ертең де, кеше де құру болатын, - деді Ғалия Әженова.
Бұл Тұжырымдамаға мемлекеттің азаматтық қоғам институттарын тануының бастамасы деп қарауымыз қажет, дейді «Отан» партиясы басқарма аппараты бастығының орынбасары Шәріпбек Әмірбек:
- Бізде қоғамдық ұйымдар деген болды да, олардың бәрі партияға бағынышты болып қалды. Сондықтан әлеуметтік топтар, адамдардың белгілі бір бірлестіктері өздерінің мәселесін шешу үшін мүддесін қорғауға мүмкіндік алуы керек. Оның түрлері азаматтық қоғам тұжырымдамасында көрсетілген.
Сөз болып отырған Тұжырымдамаға орай Алматы жұртының да пікірін білген едік.
- Мемлекет қабылдаған екен, яғни оның пайдасы бар деген сөз. Мемлекет өз халқына жамандық ойламайды ғой.
- Тұжырымдаманы оқып шықтым. Дәл уақытында қабылданған қажетті құжат.
- Адам туылғаннан бастап кәмелет жасына толғанға дейін мемлекет өз азаматын өсіріп шығаруға міндетті. Айналаңызға қараңызшы, базар торыған жалаңаш балалар. Ал олар өскен соң қандай азамат болмақ? Міне, мемлекет соны ойлауы керек!
Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын дайындау президент Н.Назарбаевтың 2004 жылғы халыққа арнаған жолдауынан кейін қолға алынған болатын.