Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаменті Шымкенттегі ауруханаларда емделген бес жасқа дейінгі балалардың бәрін ВИЧ инфекциясына тексеру туралы шешім шығарғандығы «Казахстанская правда» газетінде жазылды. Бұл уақытта қалаға республикалық СПИД орталығы мен халықаралық медициналық ұйымының мамандарынан тұратын арнайы комиссия барды. Комиссияның мақсаты – ВИЧ инфекциясы табылған алты баланы тексеруден өткізу. Сонымен бірге барлық донорларды және аймақтағы медицина қызметкерлерін ВИЧ инфекциясына тағы бір тексеру жоспарланған. «Біздегі заң бойынша тексеруден өтуге ешкімді мәжбүрлей алмаймыз. Соған байланысты ата-аналарды осындай тексеруден өтуін сұрап жатырмыз» деді облыстық денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары Нағима Жолдасова «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
Ал «Комсомольская правда: Казахстан» газеті болса 15 баланың ВИЧ инфекциясын қайдан жұқтырғаны әлі анық емес екендігіне назар аударған. Соңғы үш аптаның ішінде облыста жұмыс істеген комиссиялардың ешқайсысы да инфекцияның жаппай таралуының себебін таппады. Кінәліні іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Медициналық мекемелерде науқастарға қан беру жұмысы қатаң бақылауға алынған. Мұндай көмек тек аса қажет болған жағдайда ғана жүзеге асырылатын болады. Науқасқа қан құю туралы шешім дәрігерлердің арнайы консилиумында қабылданады. Мұндай «мораторий» вирустың қан арқылы берілуі қауіпсіз екеніне көз жеткізгенше жүре бермек» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Қостанай облысында бала-бақшалар тапшы екендігі «Время» газетінде көтерілді. Кәсіби даму институтының директоры Лилия Саркисянның айтуынша, «облыстағы бала-бақшаларға кезек жылдармен саналады - кезегің жеткенше балаң ер жетіп үлгереді. Бала-бақшалар мен арнайы дайындық мекемелерінде болмаған балалар үшін мектеп бағдарламасын тең меңгеріп кету қиынға соғатыны белгілі. Бастауыш мектеп оқушыларының 80 пайызы көбейту кестесін жатқа білуге қиналады, бұдан он жыл бұрын мұндай қиыншылық болмайтын, дейді мектеп оқытушысы Надежда Лиопа. Сонымен қатар Қостанай қаласында 600-ден астам бала арнайы мектепте білім алу керек болса, мұндай мекемелердің аздығынан олар кәдімгі білім ордаларында оқып жүр» делінген «Время» газетіндегі мақалада.
«Комсомольская правда: Казахстан» газеті жанжал ошағына айналған Ливан мемлекетіндегі үш қазақстандық туралы мәлімет жоқ екендігіне назар аударыпты. Парсы шығанағында жанжал тұтанғалы бері Ливан аумағын 39 қазақстандық және 31 бала тастап шыққан. Олардың ішінен 20 азамат 13 баласымен Қазақстанға оралған. Шілденің 26-күні тағы 5 қазақстандық 10 баламен бірге Мәскеуге ұшып барған. «Оларды күтіп алу жұмыстарымен Ресейдегі Қазақстан елшілігі айналысып жатыр. Қазіргі таңда үш азамат туралы мәлімет жоқ. тағы жеті адам Ливанды тастап кетуден бас тартқан» деп жазды «Комсомольская правда: Казахстан» газеті.
Қазақстандағы емшілердің 99 пайызының емдеуге құқы жоқ екендігі «Литер» газетінде жазылды. «Халық емшілері қауымдастығының мәліметі бойынша, Қазақстанда бес мыңдай емші бар екен. Солардың тек жетпісінде ғана емдеуге рұқсат қағаздары бар. Халық емшілері қауымдастығының вице-президенті Александр Бодровтың айтуынша, қазіргі жағдайдың барысымен жүрер болсақ емшілік дарыны болашақта қабілеті орташа әрбір адамға даритын болады» деп жазды «Литер» газеті.
Талдықорған қаласында алькоголдік ішімдікпен масайып айықтыру орталығына келген алғашқы үш адамға сыйлық берілетіндігі «Время» газетінде айтылған. Жақында аталған облыс орталығында медициналық айықтыру мекемесі ашылатын болып, жергілікті бір газет осы орталыққа түскен алғашқы үш адамға сыйлық тағайындаған. Мекеме жұмысының алғашқы күні полиция масайған сегіз азаматты орталыққа жеткізіпті. «Бәйге жариялаған газет солардың ішінен үш жүлдегерді таңдап алыпты. Сыйлық иегерлері атанған завод жұмысшылары екен. Жүлделерін алып кету үшін редакцияға соғуға уәде беріп, ізін суытқан оларға жергілікті газет іздеу жариялады» деп жазды «Время» газеті.