Алматы шетіндегі Шаңырақ ықшам ауданы тұрғындарының шілденің 14-күні полициямен қақтығысына қатысты «Литер» газеті былай деп жазды: «Шаңырақ тұрғындарының басым бөлігі қара жұмысшылар, жағдайы нашар адамдар. Бұл жердегілер мемлекеттік заңнан гөрі жергілікті тәртіпке көбірек сүйенеді. Шаңырақ – қоғамның мойынсұнбайтын маргинал тобы жиналған тұрақсыз, қауіпті аудан». Мақала авторы Игорь Хенның пікірінше, «бұл жанжал ауру секілді – тезірек емдемесең уақыт өткен сайын асқына береді».
Осы тақырыпқа қатысты саясаттанушы Досым Сәтпаев «Литер» газетіне жариялаған мақаласында «тәртіп орнату үшін алдымен тәртіпсіздіктің себебін анықтап алу қажет» деген қытай ойшылының нақыл сөзін келтіре отырып, мемлекеттік құрылымдар мәселенің мәнісіне терең бармаған деген тұжырым келтірген. «Өздерінің баспаналарын қорғау үшін полициямен күрескен тұрғындардың заң бойынша ол жерге құқығы жоқ екендігі рас. Сонымен бірге бұл жерлерді заңдастырып берсек, басқалары да осындай талаппен шығады деген пікірдегілермен де келісуге болады. Бірақ өздерін өмірдің «қожайынымыз» деп есептейтіндердің қолымен жасалған бұдан да зор қылмыстарға көзін жұмып қараған шенеуніктер басқалардан заңды орындауын талап етуге қаншалықты құқылы? Оған қоса бір «Шаңырақты» бұза отырып олар тағы біреуіне кезігуі мүмкін» деп жазды Досым Сәтпаев. «Барлық жанжалдардың бастауы кедейшіліктен емес - әділетсіздіктен» деген нақыл сөз барын еске сала отырып, мақала авторы республика тұрғындарының қанша пайызы өздерін «тапталған топ» деп есептейтіндігіне ешкім қызықпағандығын айтқан. Досым Сәтпаевтың пікірінше, Шаңырақтағы жағдай мұндай адамдардың республикада бар екендігін көрсетіп берді. «Оның саны қалаларда күннен күнге өсіп келеді. Өйткені аймақтардың экономикалық даму үйлесімсіздігі әлі реттелген жоқ» деп жазды Досым Сәтпаев.
«Сот орындаушылары мен жерді басып алғандардың арасындағы жанжалды күш қолданбай шешуге болар ма еді?» деген «Литер» газетінің сауалына Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі Леонид Мартынов былай деп жауап берген: «Билік қашанда халықпен тіл табыса білуі керек. Кезінде билікті бұл жерлер қызықтырмады. Енді қажет болып қалған кезінде ол жерден адамдарды қуып жатыр. Бұл жерлер мемлекетке қажет болған екен, халыққа тиімді ұсыныс жаса, ұрыспай келіс». Ал «Руханиат» партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанованың пікірінше, бұдан шығатын жалғыз жол – үйлерді заңдастыру ғана.
Сенбі күнгі баспасөзде көтерілген тақырыптың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысында 14 баладан ВИЧ инфекциясының табылуы. «Казахстанская правда» газеті осы мәселеге қатысты облыстық мамандар науқастардың кеселді анасынан жұқтырмаған деген тұжырымға келгендігін жазды. Екі жасқа толмаған 14 бала иммунитет тапшылығы ауруын емдеу мекемелерінен жұқтырған ба деген сұраққа Денсаулық сақтау министрлігі құрған арнайы комиссия жауап іздеп көрмек. «Шымкент қаласында жұмыс істеп жатқан бұл топтың құрамында жеті адам бар. Олар үш күннің ішінде қаладағы балалар ауруханалары мен қан құю орындарын тексеріп көреді. Инфекция жұқтырған балалардың көбі облыстық және қалалық балалар ауруханасында емделген. Соңғы он жыл ішінде Шымкенттегі қан тапсыру орталығында 28 адамнан ВИЧ инфекциясы бары анықталған. Ал соның біреуі үнемі қан тапсырумен айналысқан донор болып шықты» деп жазды «Казахстанская правда» газеті.
14 баланың ауруға шалдыққанына дәрігерлер кінәлі екендігі анықталған жағдайда қылмыстық іс қозғалатындығы «Литер» газетінде жазылды. Иммунитет тапшылығы анықталған балалардың ата-аналарынан бұл кеселдің белгісі табылмаған. «Тағы бір белгілі болған жайт, науқас балаларды емдеу кезінде 91 донордың қаны пайдаланылған. Қазіргі таңда соның 88-і тексеріліп, аурудан аман екендігі анықталып отыр. Қалған үшеуінің қайда жүргені белгісіз болғандықтан тексерілмеген» деп жазды «Литер» газеті.