«Егемен Қазақстан» газеті жұмыс сапарымен Вашингтонда жүрген Қазақстанның сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Кондализа Райспен кездескендігі туралы жазды. Жүздесуде президент Н.Назарбаевтың АҚШ-қа осы жылғы күзге жоспарланған сапары талқыланды. Осыған орай Райс ханым бұл сапар Қазақстан мен АҚШ арасындағы әріптестіктің арта түскендігінің белгісі екендігін атап көрсеткен. К.Райс Қазақстанның аймақтық экономикалық әріптестікті дамытуда жасап жатқан істерін жоғары бағалап, АҚШ Астананың интеграцияға ұмтылысын қолдайтындығын білдірді. Өз кезегінде министр Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан АҚШ-пен арадағы әріптестікті жоғары бағалайтындығын және оны дамытуға ден қоятындығын айтты» деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Н.Назарбаевтың Америкаға сапары Вашингтонда талқыланып жатқанда, президент шілденің 7-күні 2006 жылғы республикалық бюджетке енгізілген өзгертулерді бекітті. «Енді бюджет мұнай ақшасынсыз жиналады» деп жазды «Литер» газеті. Соған қарамастан қазынаның табысы 42 миллиард теңге болады деп жоспарланып отыр. «Әлеуметтік салаға қарастырылған қаржы 3,8 миллиард теңгеге көбейді. Сонымен бірге 1 миллиард теңге Алматының 2011 жылы Азия ойындарын өткізуге дайындық жұмыстарына ұсталады. Алматының метросын салуға тағы 2 жарым миллиард, Казсат-2 спутнигін жасауға 1 жарым миллиард қарастырылған» деп жазды «Литер» газеті.
Азия ойындарына дайындалып жатқан Алматы қаласы спорты дамыған бірінші аймақ мәртебесін қайтара алмай отырғандығына «Айқын» газеті мән берген. «Бір кездері Алматы қаласы Қазақстан спортының орталығы болатын. Бірақ кейінгі кезде Алматы осы жетекшілік орнынан айырылып қалды. Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарында Алматы спортшыларынан гөрі, басқа аймақтардың спортшылары елеулі жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Қазір жетекші орында – Оңтүстік Қазақстан облысы» делінген мақалада. Алматы қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Наиль Нуровтың айтуынша, спортшыларды қаржыландыру жағынан Алматы басқалармен теңесе алмайды. «Біз спортшыларға жағдай жасай алмай отырмыз. Сондықтан мен келесі жылдың бюджетін дайындау барысында мәслихат депутаттары алдында бір мәселе қойып отырмын. Ол – Алматы спорт басқармасының шығыс бөлігіне міндетті түрде қаламыздың елу үздік спортшысына стипендия тағайындау» деді Наиль Нуров «Айқын газетіне берген сұхбатында.
Сонымен бірген аталған басылым Қазақстан үшін босқындықты заңдастыру қажет пе деген сұраққа жауап іздеген. «Отанынан опа таппай Қазақстанға келген кез келген босқын алдағы уақытта еліміздің азаматтығын алып, жұмысқа тұрып, тіпті баспаналы болып жатса, оған еш таңданбаңыз» деп басталған мақала. Еуропалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғары комиссариаты басқармасының Қазақстандағы өкілдері бірлескен жаңа жобаны қолға алғандарын мәлімдеді. Ол бойынша 400 мыңдай еуро Қазақстандағы босқындардың тұрмысын түзеуге, әл-ауқатының жергілікті тұрғындармен теңесуіне қолдау көрсетуге жұмсалады. Осылайша Еуропалық Комиссия бірсыпыра облыстарда босқындар мәселесін заңдастырып, Қазақстанның құлпы жоқ қақпасын айқара ашуды көздеп отыр» деп жазды «Айқын» газеті. Ал «мазасыз аймақпен көршілес Қазақстан үшін босқындықты заңдастыру қажет пе?» деген сауалға саясаткер Сейдахмет Құттықадам: «босқындар мәселесінен бұрын өзіміздің ішкі жағдайымызды дұрыстау керек» десе, саясаттанушы Камал Бұрханов «сырттан келетін босқындардың бізге мүлдем қажеті жоқ» деп кесіп айтқан.