Парламент мәжілісінің ақпарат құралдары туралы заңның үкімет ұсынған жобасын екі оқылымда қабылдауына орай «Жас Алаш» газеті құжаттың мардымсыз өзгерістермен мақұлданғандығын жазған. «Мәжіліс бәрібір айтқанынан қайтпады» атты мақаламен басталған мақалада «мәжіліс депутаттары Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымға төраға болудан гөрі кеңсесі өртеніп кеткен Ертісбаевтың көңілін көтеруді көбірек ойлап отырса керек» делінген. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы қазақстанның ақпарат айдынындағы аласапыранға көп күттірмей-ақ өз бағасын беріп үлгерді. Аталған ұйымның ақпаратр құралдары жөніндегі өкілі Миклош Харашти Қазақстан басшылығын осы заң жобасын парламенттен қайтарып алуға шақырды. Харашти мырзаның пікірінше, түзетулер қайтарылып алынса, аталған ұйым мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсер еді» деп жазды «Жас Алаш» газеті.
Осы тақырыпқа қатысты мақаласында «Айқын» газеті ақапарат құралдары туралы заңның Парламент қабырғасындағы талқылау барысында жобадағы 32 өзгерістің 15-і ғана қабылданғандығын жазған. Депутаттар арасында әсіресе егер редакторы ауысса, басылымды қайта тіркеуден өтуге мәжбүрлейтін талап қызу талқыға тамызық болды. «Біз бұлай алысқа барамыз,–деп шегін тартты Дариға Назарбаева. – Келіңдер, онда наубайханадағы нан пісірушілерді тізімге алайық.Бұл да бізді алаңдатады. Егер наубайшысы ауысса, оларды да заңды тұлға ретінде қайта тіркеуден өткізейік!» Оған мәдениет және ақпарат министрі Ермұхан Ертісбаев: «Мемлекет қазақстандық ақпарат құралының бас редакторы кім екендігін білуге құқылы: мүмкін ол сотталған жан не шет елдің азаматы шығар»–деді. Ермұхамет Ертісбаев. Нәтижесінде, заңда егер басылым редакторы ауысса, министрлікке хабарлауға міндеттелді. Заңды осы аптадан бастап енді сенаторлар қолға алады» делінген «Айқын» газетінде басылған мақалада.
Ақпарат туралы заң жобасы Парламенттің төменгі палатасында қаралғанда депутаттардың көбі бұл айтысқа қатыспағандығы, және құжаттың әрі қарайғы тағдырын да солар анықтағандығы «Zonakz» тәуелсіз интернет сайтында айтылды. Заңға түзетулер екінші оқылымда қабылданған күні АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей төменгі палатаның мұндай шешіміне өкінішпен қарайтындығын жеткізіп, заң жобасының қабылдануы Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне кедергі болатындығын айтты» деп жазды «Zonakz» тәуелсіз интернет сайты. Аталған сайтта сонымен бірге қазақстандағы журналистер қауымы осы аптада наразылық шеруін өткізуге дайындалып жатқандығы жазылған.
Ақпарат құралдары туралы заң жобасын аз уақыт ішінде екі оқылымда қабылдап үлгерген Парламент мәжілісі Алматы маңындағы Шаңырақ және Бақай ауылдарына қатысты мәселені қараудан бас тартқандығы «Время» газетінде айтылған. «Осыдан бірнеше апта бұрын депутаттар Алматы төңірегіндегі заңсыз баспаналардың қиратылуына орай Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов пен қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов келіп жауап берсін деген талап қойған еді. Бірақ, осы уақыт аралығында не өзгергені белгісіз, депутаттар райынан қайтып қалыпты»делінген мақалада. Сәрсенбі күні Парламенттің жалпы отырысында мәжіліс депутаттары Дариға Назарбаева мен Амалбек Тшан осы мәселені қарайтын арнайы комиссия құруын ұсынғанмен көпшілік бұл сұрақпен айналысуды комитеттердің біріне табыстады» деп жазды «Время» газеті.
Аталған басылымда, сонымен бірге, мәжіліс депутаты Серік Әбдірахмановтың Алматыдағы баспана мәселені орай қала әкіміне қойған сауалына Иманғали Тасмағамбетовтың жауабы басылды. Мақалада әкім кейбір депутаттар мандатын басқа аймақтардан алса да, Алматыға жиі келгіштеп кеткендігін айтып, олар баспана мәселесіне қатысты қала тұрғындарының пікірін біле ме деген қарсы сауал тастаған. И.Тасмағамбетовтың пікірінше, алматылықтардың басым бөлігі жерді заңдастыруда әкім аппаратының жүргізіп отқан саясатын қолдайды» делінген «Время» газетіндегі мақалада.