Қазақстандық баспасөз маусымның 15-күні Қытайда басталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті туралы кеңінен жазып жатыр. Аталған саммит аясында Қазақстан және Қытай басшылары кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың келешегі жайында әңгімелесетіндігі «Егемен Қазақстан» газетінде айтылды. «Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес мүше мемлекеттердің басшылары Ұйым қызметіне қатысты пікір алысады, бірнеше құжаттарға қол қоятындығы жоспарланған. Негізгі құрылтайшылары алдымен 5 ел, кейіннен 6 ел болған Ұйым беделінің жедел өскендігі сонша, қазірдің өзінде бұл ұйымға мүше болғысы келетін мемлекеттер көптеп саналады. Кезінде экономикалық ықпалдасуды көздейтін бірлестік ретінде құрылған ұйым басқа да сипаттарға ие болғанымен, оның әу бастағы экономикалық мақсаттылығы негізгі рөл атқаратыны сөзсіз» деп жазды «Егемен Қазақстан».
Шанхай ынтымақтастық ұйымының геосаяси маңыздылығына «Литер» газеті мән берген. «Қазіргі таңда аталған ұйым мемлекеттері Еуразия аумағының 61 пайызын алып жатыр. Ал халқының саны жөнінен жер шарының төрттен бірін құрайды. Көптеген сарапшылар Шанхай ұйымы құрыла бастағанда-ақ нәтижелі жоба болатындығын айтқан. Шанхай бірлігінде әскери-саяси блокқа айналу бағыты байқалады, делінген мақалада. Келесі жылы ұйымға мүше мемлекеттер бірлескен әскери жаттығуын өткізуді көздеп отыр. Алайда мұндай мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымға мүше болғысы келетін жаңа үміткерлерді қатаң сұрыптаудан өткізу қажет. Бір блоктың аясында саяси доктринасы әртүрлі, бағыты қайшы мемлекеттердің топтасу мүмкін емес. Мәселен, Үндістан мен Пәкістан осы ұйымның жұмысын бақылап жүргеніне біраз уақыт болды, солай бола тұрса да аталған екі мемлекет бір-біріне күдікпен қарауын қойған емес» деп жазды «Литер». Аталған газеттің мақаласында Шанхай ұйымының саммитінде Иран мәселесі де сөз болатындығы айтылған. Сонымен қатар Қазақстан және Иран президенттерінің кездесуі жоспарланған. Екі мемлекет басшылары кездесуінде не мәселе қаралатындығы белгісіз, бізге мәлім болғаны жақында Ақтау қаласында иранның консулдығы ашылатындығы» деп жазды «Литер».
Ал «Егемен Қазақстан» газетінде өткен аптада Тегеренда Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев Иран президенті Махмуд Ахмединеджадқа Сенім грамотасын тапсырғандығы айтылған. «Тапсыру рәсімінен кейін болған әңгімеде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, қарым-қатынастардың ырғақты даму үжерін атап өтті. Кездесу қорытындысында Иран басшысы Қазақстан президентіне денсаулық пен игілік, ал Қазақстан халқына бейбітшілік пен өркендеу тіледі» делінген «Егемен Қазақстанда» басылған ақпаратта.
Қазақстанда ендігі жерде жол полициялары автокөліктерді бейберекет тоқтатпайтындығына «Айқын» газеті мән берген. Ішкі істер министрлігінің маусымның 8-күнгі бұйрығы бойынша жол полициясы көліктерге мемлекеттік тіркеу жөніндегі нөмірлік белгіні жаңа ереже бойынша береді. Яғни нөмір жол полициясының қалауымен емес, нөмірлік ретіне қарай тапсырылады. Сондай-ақ бейнежазба және жазатын аппаратуралармен жабдықталмаған көлікпен қозғалыс жылдамдығын қадағалауға тыйым салынды. Тосын жағдайда болмаса, сақшылар себепсіз көлік тоқтата алмайды. Жол полициясы қызметкерлері жолдағы көлік кедергілерін жою, халық көп жиналатын орындарда, мектеп пен балабақша немесе құрылыс жүріп жатқан жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана кезекшілікке шығады. Бұл ережені бұзған лауазымды басшылар қатаң жауапкершілікке тартылады» деп жазылған «Айқында» басылған мақалада.
Аталған газетте, сонымен қатар, Алматы қалалық статистика басқармасы қалада қанша мүгедек барын білмейтіндігі туралы мақала басылды. Бұл жайтты газет тілшісінің өзіне керек тізімді сұрап, қалалық статорталыққа барғанда білген. «Мүгедек жандардың шаруасын дөңгелетіп, олардың оқуына, қызықтырып жүрген ісін атқаруға ат салысатын бейресми және ресми ұйымдар мен қоғамдар бізде де бар. Бұл ұйымдардың да айтар өзіндік базынасы, өкпе-назы көп. Қазір көпшілік қайыр тілеп, көмек сұрап жүрген мүгедекті көрсе, жиіркене қарайтын болды. Себебі, арамызда мүгедектің кейпіне еніп алып, елді алдап соғып жүрген алаяқтар баршылық. Мұның өзі мүгедектің құқығын бұзушылық, дейді республикалық мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Аманбаев «Айқынға» берген сұхбатында. Ал заңгер Сәкен Өзбекұлы болса дені сау адамдарға берілетін зейнетақының өзі мүгедектерге берілетін жәрдемақыдан жоғары екендігін, осыған қатысты кейбір заңдарға өз басы қосылмайтындығын айтқан. «Тіпті заңгерлердің кейбірі ата-аналардың баласын жоғары оқу орнына түсіру үшін "қолдан мүгедек жасайтын кезеңі басталды" дейді заңгер. «Бұл әрекет әшкереленген күннің өзінде, мемлекет қазынасына 12-13 мың теңге көлемінде ғана айыппұл төлеп, басын арашалап алады» делінген «Айқында» басылған мақалада.