Сыйлықты тапсыру рәсімінде айтқан 2 минуттық сөзінде қаламгер Рахым Есенов америкалық Пен-клубтың барлық 3.100 мүшесінің әрқайсысына жеке рақметін айта алмағанына өкінішін білдірді. Сонымен қатар ол осындай оқиғаны болдырғаны үшін АҚШ өкілдеріне рахметін айтты. Ол әрқашанда өзі сенген нәрсені ғана жазуға тырысқанын атап көрсетті.
Америка Пен-клубының Барбара Голдсмит атындағы “Жазу еркіндігі” сыйлығы – биік мәртебелі әдебиет сыйлығы болып табылады және ол сөз бостандығы құқын қорғағаны немесе еркін қалам тартқаны үшін қуғын-сүргін көрген немесе түрмеге жабылған көрнекті қаламгерлерге беріледі.
Рахым Есеновтің осы сыйлықты алу үшін Нью-Йоркке ұшары алдында соңғы минутқа дейін түркімен үкіметінің оған виза берер-бермесі екіталай болды. Ақыр аяғында АҚШ пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қысымы күшейген соң ғана ресми Ашхабат оған ұшаққа отыруына рұқсат берді. Барбара Голдсмит атындағы сыйлықты тапсыру рәсіміне талай-талай әдеби сыйлыққа ие болған үнді-британ жазушысы Салман Рушди, 2000-ыншы жылғы “Пулитцер” сыйлығын алған үнді-американ қаламгері Жһампа Лаһири, көптеген әдеби сыйлықтың лауреаты Е.Л.Докторов, Нью-Йорк тұрғындарының беделді журналының бас редакторы Дэвид Ремник, “Мансапкерлік жәрмеңкесі” (Vanity Fair magazine) журналының бас редакторы Грэйдон Картер, Нью-Йоркте шығатын “Дэйли ньюс” газетінің қожайыны Морт Зуккерман және Голливуд магнаты Барри Диллер, сондай-ақ “Азаттық” Радиосы президентінің міндетін атқарушы Джеф Тримбл келіп қатысты. Манхэттендегі табиғаттану мұражайының кең салтанат залына жиналған жұрт Р.Есеновтің сөзіне 2 мәрте ду қол шапалақтады. Түркімен қаламгері өзінің көп серігімен ақыры кездескеніне қуанышты екенін айтты.
“Қадірлі достар, мені тыңдау үшін уақыт тауып осында келгендеріңізге рахмет айтқым келеді. Сіздермен кездесу, сіздердің жүздеріңізді, күлкілеріңізді, көздеріңізді көру - мен үшін де өте қымбат. Олар көп нәрсені аңғартады”, - деді Рахым Есенов.
Бұл - Орта Азияның белгілі диссиденті болып табылатын Рахым Есеновтің Нью-Йоркке екінші рет келуі. Оның Нью-Йоркке алғаш рет аяқ басқаны – сонау 1988-інші жылы болатын. Р.Есенов орыс тілінде жазған 20-дан аса кітабының ішінен “Тәж киген жолшы” атты тарихи романын өзінің бүкіл ғұмырындағы ең үздік шығармам деп санайтынын айтты. Бұл романды ол 1977-інші жылы жазуға кіріскен. Шығарма – түркімен халқының жік-жікке бөлінуіне қарсы күрескен қолбасшы әрі қаламгер хан Байрамды суреттейді.
“Егер осында – Америкада – қара нәсілдер де, ақ нәсілдер де, өзге азиялық нәсілдер де бір үлкен отбасындай достықта ғұмыр кешіп жатса, Байрам хан болса - өзінің шығармашылығында діни төзімділігімен ерекшеленді. Мынау иудейлердің синагогасы ма немесе христиандардың шіркеуі ме, не болмаса мұсылмандардың мешіті ме, оған бәрі де бірдей болатын. Ол Құдай біреу-ақ, біздің барлығымыз Адам мен Хауа ананың балаларымыз деп санады”, - деді Рахым Есенов.
Түркіменстанның авторитарлық президенті Сапармұрад Ниязов “Тәж киген жолшы” романын “тарихты бұрмалау” деп бағалап, автордың оны С.Ниязовтың көңіліне қарай өзгертуге бас тартауынан кейін 1977-інші жылы шығармаға тыйым салды. Рахым Есенов 2004-інші жылы жүрегі сыр беріп ауруханада жатқан жерінде ұсталып, абақтыға жабылды.
«Олар нәселке алып келіп, мені нәселкемен алып кетпек болды. Мен маған нәселке керек емес дедім. Олар болса, жоқ, сізге не болған? Сізге болмайды, сіз сырқатсыз ғой, деп қоймады. Мен оларға “басы кесілген адам шашын жоқтап жыламайды” деген ағылшын мақалымен жауап қаттым. Қысқасын айтқанда, мен екінші қабаттан тепкішекпен төменге түстім, олар жол бойы мені қолтығымнан демеп ұстамақ болып тырысты. Мен оларға “қолдарыңды тартыңдар” деумен болдым. Өйткені, мен, жай, олардың аянышына қалғым келмеді, оларға өзімнің әлсіздігімді көрсеткім келмеді» - дейді жазушы Есенов.
Халықаралық қоғамның наразылығынан кейін түркімен билігі оны босатуға мәжбүр болды. Бірақ оның кітабының 800 данасын тәркілеп жойды. Р.Есенов биліктің бұл әрекетін “вандализм” немесе “әдеби мұраны қорлау” деп бағалады. Қаламгер Түркіменстанның атышулы құпия полициясы өзінің басқан әрбір ізін қалай бақылап-аңдығанын былайша суреттеп берді:
«Үйімнің айналасынан сырттай бақылау орнатылғанын мен байқап жүретінмін. Мен оны анық сездім және өзім қайда барсам да қыр соңымнан қалмай бағып-аңдып жүретін. Бірақ мен оған назар аудармауға тырыстым. Менің телефонмен сөйлескенім тыңдалатынын, маған келетін хат-қағаздардың оқылатынын мен жақсы білетінмін. Өйткені бұл әрекеттірдің барлығы да, әй-жайға қарамай, дөрекі әрі ашықтан-ашық істелетін».
Американың Пен-клубы Р.Есеновтің өз үйінде қамалып отыра беруінен құтқару үшін оның Нью-Йоркте сыйлық алатынын ашық жариялады. АҚШ елшілігінің өкілдері 2006-ншы жылдың 24-інші наурызында оның Ашхабадтағы үйіне кіріп шыққанында, қаламгерге сыйлық алатынын хабарлады. Сол кездесудің барысында түркімен Пен-клубтың сыйлығын алу үшін Нью-Йоркке баруға келісімін берді. Содан бері Американың Пен-клубы қаламгердің Нью-Йоркке сапарын ұйымдастыру үшін Ашхабадтағы АҚШ елшілігімен тығыз жұмыс істеді.