Сейсенбі күні штаб-пәтері Мәскеуде орналасқан адам құқын қорғайтын “Мемориал” Орталығы “Азаттықтың” 2 тілшісінің тұтқындалуына алаңдаушылық білдірді. “Мемориал” Орталығының Орта Азия республикаларындағы адам құқын бақылайтын бағдарламасының директоры Виталий Пономаревтің атап көрсетуінше, Хоммадов пен Овезовтің өткен аптада қамауға алынуына қарамастан, осы екі тілшінің туысқандары олардың тағдыры жайынан әлі еш хабар-ошарсыз отыр, ол екеуі де өздерін тұтқындаған жергілікті полицияның не абақтысында, не кеңсесінде болмай шықты. Өз ұйымының мәліметі бойынша, деп хабарлады В.Пономарев, екі журналист те Совет дәуіріндегі КГБ-ның “мұрагері” болып табылатын Түркіменстанның Ұлттық қауіпсіздік министрлігіне тапсырылған көрінеді.
В.Пономаревтің айтуынша, 2 тілші де Түркіменстанның ауыр әлеуметтік ахуалы, білім саласының құлдырауы және зейнетақы алатын қарттардың қатарын қысқарту туралы түркімен үкіметінің шешімінің қарама-қайшылықтары туралы үзбей хабар беріп келген. “Азаттық” Радиосына Венадан берген сұхбатында Баспасөздің халықаралық Институтының өкілі Дала Орлова былай деп мәлімдеді:
“Бұл – қатты алаңдататын жағдай деп ойлаймыз және оларға (яғни Хоммадов пен Овезовке) өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік беру керек деп санаймыз. Сондай-ақ, олардың не себептен тұтқындалғаны хабарлануға тиіс. Өйткені, біздің білуімізше, бұл кісілердің не үшін тұтқындалғаны ешкімге хабарланған жоқ”.
Халықаралық “Amnesty International” ұйымы өзінің кеше таратқан мәлімдемесінде 2 журналистің “тұтқындалған сәтінен бастап өзге дүниемен хабарын үзгендерін” және оларға “қинау мен жәбірлеу қатерінің анық төнуі мүмкін екенін” айтап, алаудаушылығын білдірді. Аталған ұйым екі журналисті “ар-ұждан тұтқындары” деп бағалап, ресми билік “Азаттық” Радиосының журналистерін бұрынғы хабарлары үшін қасақана қамауға алып отыр” деп мәлімдеді.
Кеше, сейсенбі күні, сонымен қатар, “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы да наразылығын білдірді. Штаб-пәтері Парижде орналасқан бұл құрылым “осы журналистердің тұтқындалуы себептері мен жай-жапсары туралы бірлі-жарым ақпардың болмауы – Түркіменстанда сөз бостандығы мен жариялылықтың жоқтығына бірден-бір дәлел болып табылады” деп мәлімдеді. “Шекараны білмейтін репортерлер” ұйымы мұндай “жазалау шарасына” ащы наразылыған айтып, журналистерді дереу босатуға шақырды.
Ал одан бір күн бұрын, дүйсенбіде, адам құқы бойынша Халықаралық Хельсинки Федерациясы мен адам құқын қорғайтын Түркіменстан тобы Түркіменстандағы адам құқының ахуалы мәселесін көтеруді өтініп Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына бірлескен хатын жолдады. Хатта “Түркіменстандағы тәуелсіз ақпараттың жападан-жалғыз көзі болып қалған “Азаттық” Радиосы журналистерінің ресми билік тарапынан үнемі қудаланып келе жатқаны” айтылады. Дәл осы күні “Хьюман райтс уотч” ұйымының Еуропа мен Орта Азия бойынша директоры Рэчел Денбер журналистердің тұтқындалу мүмкін екенін аталмыш құрылымның алдын-ала сезгінен айтты.
“Біз өткен аптада тұтқындалған журналистердің тағдырларына өте-мөте алаңдаймыз. Оларға не болғаны туралы бізде ешқандай тың мәлімет жоқ. Сондықтан да бізді толғандыратыны - олардың қайда отырғаны және оларға тұтқында қалай қарайтыны болып отыр және біз түркімен билігінен олардың қайда отырғанын дереу хабарлап, оларды дереу босатуға шақырмақшымыз”, - деді Р.ДЕНБЕР.
Өз сөзінде Рэчел Денбер ханым Халықаралық Хельсинки Федерациясы мен адам құқын қорғайтын түркімен тобының бірлескен хатының мәтінін сөзбе-сөз қайталап шықты.
“Ең өкініштісі, олардың тұтқындалуы – Түркіменстан билігінің елдегі кез-келген тәуелсіз пікірге еш төзбейтінін айғақтайтын тағы бір мысал”, - деді Р.ДЕНБЕР ханым.
Осыған дейін Түркіменстанның ресми билігі мұндай наразылықтар мен шағымдарға құлақ аспай келді. Әйтсе де, Баспасөздің Халықаралық Институтының өкілі Дала Орлованың айтуынша, осындай наразылық білдіріп келген адам құқын қорғаушылар ең болмағанда кейбір өзекті мәсеклеге жауап алу үшін түркімен үкіметіне қысым жасауға өзге ұйымдар көмекке келеді деп үмітенеді.
“Біз түркімен үкіметіне хат жолдаймыз және халықаралық қолдау табу үшін Түркіменстандағы журналистердің халіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудартуға тырысып көреміз”, - деді Д.ОРЛОВА.
Адам құқы бойынша Халықаралық Хельсинки Федерациясы мен адам құқын қорғайтын Түркіменстан тобы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жолдаған бірлескен хатында Түркіменстандағы адам құқының ахуалы мәселесін өзінің Тұрақты Кеңесінің күн тәртібіне қойып, ол мәселені мейлінше тез талқылауын өтінді.