«Оппозиция халықты демократиялық ұрандармен көшеге шығару мүмкін еместігін түсінгендіктен, олар бірінші орынға әлеуметтік мәселелерді шығарып отыр», - дейді саясаттанушы Ерлан Қарин «Жас қазақ» басылымында. Ол өз сұқбатында алдағы президент сайлауына Қазақстандағы демократиялық күштердің екі үміткер осынуының салдарлары бойынша ойын ортаға салады. «Осы уақытқа дейін мен басқа сарапшылар сияқты Әлихан Байменов сайлауға түссе, Жармахан Тұқябайдың электоратына ортақтасады деп ойлап келдім. Ал қазіргі әр аймақтағы зерттеу жұмысымыздың нәтижесіне қарасақ, Байменов Тұяқбайдың емес, Назарбаевтың электоратын бөлшектеуі мүмкін сияқты», - дейді саясаттанушы Ерлан Қарин. Дегенмен, оның пікірінше, «екі үміткердің бірдей сайлауға түсуі – оппозция үшін үлкен қателік». «Егер «Ақ жол» партиясы мен «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысы бір мәмілеге келіп, ортақ бір үміткер ұсынған жағдайда сайлаудың маңызы да, бағыты да күрт өзгерер еді», - дейді саяси сарапшы Қарин «Жас қазақ» газетінде. Оның сөзіне қарағанда, қазіргідей оппозицияның қол жинауына кедергі қойып, қысым жасаудың қажеті жоқ. «Назарбаевтың алдағы сайлауда ешбір әкімшілік ресурссыз, ешбір күштеусіз оп-оңай жете алатын мүмкіндігі бар», - деп есептейді Ерлан Қарин. Ал бұл кезде «Литер» басылымы президентікке үміткер Әлихан Байменовтің 160 мың қол жинағынын, «алайда, республиканың бірқатар аймақтарында қол жинаушышыларға қысым көрсетіліп, қорқытып-үркіту фактілері орын алғанын» хабарлайды. «Қол жинау кезінде белгісіз біреулердің адамдарға «Ақ жол» партиясының үміткері деп басқа фамилияларды ұсынған жәйттар да кездескен», - деп жазады «Литер» газеті. Соынмен бірге газет «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменовтің АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондализа Райспен кездескенін хабарлайды. Кездесу барысында Қазақстан мен Орталық Азиядағы саяси жағдай сөз болған. Қазақстанға саяси реформалардың қажеттігі Кондализа Райстың «Әділетті Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалыс төрағасы Жармахан Тұяқбаймен оңаша кездесуі кезінде де сөз болғаны айтылады «Жас алаш» газетінде. Газетте осы кезедесудің жәй-жапсарын баяндаған тіркелмеген «Нағыз Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлының сұқбаты жарық көріпті. Оның айтуынша, «Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев американдық «Си-Эн-Эн» телеарнасы тілшісінің сұрағына жауап беру кезінде жалған ақпарат таратып жіберген. «Сіздің қыздарыңыздың бірі – БАҚ-тардың үсітінен, екіншісі – осы елдегі басты банктің үстінен бақылау жасайды екен», - деген шетелдік тілшінің сұрағына Назарбаев: «Кезінде менің қызым ашқан «Хабар» телеарансы – мемлекеттік компания, екінші қызым бизнеспен айналыспайды» деп шындыққа мүлдем жанаспайтын әңгіме айтты, - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы. Бұрынғы Ақпарат министрінің деректеріне қарағанда, «Хабар» арнасы 2000 жылдан бастап толықтай мемлекеттік компания емес. «Хабардың» қазіргі жеке акционерлері бюджетке бір тиын төлемей-ақ мемлекеттік компанияны жекешелендіріп алған, - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы. «Екіншіден, - дейді Сәрсенбайұлы, - «Қазақстанның қор биржасы акционерлік қоғамының ресми веб-сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, «Қазақстан халықтық жинақ банкінің» 30 пайыздан аса акциясы Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа, қызы Динара Құлыбаеваға тиесілі екені тайға таңба басқандай анық көрсетілген». «Осы мәліметтерді ескере отырып, біз Президент Нұрсұлтан Назарбаев Кондализа Райс пен шетелдік БАҚ өкілдеріне жалған ақпарат таратты деп есептейміз», - дейді Алтынбек Сәрсенбайұлы «Жас алаш» газетінде. Ал «Қазақстан-заман» газеті «АҚШ мемлекеттік хатшысының АҚШ үкіметі Қазақстандағы демократиялық реформаларға қанағаттанатынын, Қазақстанның Дүниеджүзілік сауда ұйымына кіруін қолдайтынын жеткізгенін» жазса, «Экспресс К» газеті «Райс ханымның оппозиция сынға алған Орталық сайлау комиссиясының үндеуіне оң баға бергенін» хабарлайды.
«Қазақстандағы оппозиция қаншалықты пәрменді?» деген сауал тастайды «Айқын» басылымы алғашқы бетінде. Парламент депутаты Серік Әбдірахманов «оппозиция қалыптасып, қоғамнан өз орнын алып үлгерген. Олардың көпшілігі билікке өкпелі, қызметінен шеттетілгендер», - десе, «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменовтің айтуынша, «оппозиция осы уақытқа дейін шешімін таппаған біраз мәселелерді көтерді. Ал қазір билік зейнетақыны, шәкіртақыны, жалақыны көбейтті». «Мұның бәрін кезінде оппозициялық күштер көтерген болатын. Сондықтан, оларды пәрменсіз, қауқарсыз деуге болмайды», - дейді Әлихан Байменов.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Батыс реакциясы және сандар
Грузиядағы сайлауды даулау: оппозиция талабының орындалу ықтималдығы қандай?
-
Маңғыстау
Каспийде жүздеген итбалық неден қырылды?