«Экспресс К» газеті соңғы санында екі бірдей мақаласын Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі әзірлеген «Табиғаи монополиялар туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі» заң жобасын талқылауға арнай отырып, агенттік қазіргі жеке меншік иелерінен олардың мүлкін тартып алуды ұсынып отыр деген пікір айтады. Эмоцияға толы бұл мақалада автор бұл заң жобасының «саяси» астары бар дегенді айтады. Оның пікірінше, агенттік «Ақ жол» партиясындағы топтың мүддесі үшін «өз қызмет жағдайларын пайдаланып», «экономика мен қоғам үшін қатерлі дүние бөлісті жүзеге асырмақ».
«Аргументы и факты Казахстан» басылымы: «Қызылорда облысының әкімі Икрам Адырбеков облыстағы төрт аудан әкімінің Қызылорда қаласында тұратынын білгенде, жұмсартып айтқанда, таң қалғанын айтты», - дейді. Жаңа әкім Адырбеков мұндай жағдай президенттің шенеуніктерге қоятын «халыққа жақын болу» талабымен үйлеспейтіндігін айтып, оларды қызметтерінен босатқан.
Осы әкімнің жаңа командасымен қызметке кірісуі «Жас алаш» газетінде де сөз болады. Газет тілшісінің айтуына қарағанда, бұрынғы әкімшілік қызметкерлерінің кейбіреуі заңсыз әрекеттері үшін сот алдында жауап береді. Осы газеттің тілшісі Көсемәлі Сәттібайұлы Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембиннің де жұмысын жаңа тағайындаулардан бастағанын жазады. Облыс деңгейіндегі ауыс-түйістер негізінен аудан әкімдерінің алмастыруларына қатысты болған.
«Азат» газетінде Рахым Рыскелді Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Астана қаласының әкімі болып кеткенде Торғай жұртының қатты қуанғанын жазады. Оның айтуынша, Өмірзақ Шүкеев Қостанай облысында әкім болған алты жыл ішінде «Торғайға зияннан басқа ештеңе жасамаған». «Атаулы көмекті барыншы шектеп, лимит қойып, аналар мен балаларға қамқор болған жоқ», - дейді мақала авторы. Ол бұрынғы әкімнің облыс көлемінде сыбайлас жемқорларға ешқандай шара қолданбай, бетімен жібергені туралы сын мақалалар бірнеше республикалық басылымдарда жарық көргенімен, оған ол еш жауап бермегенін тілге тиек етеді. Мұндай әрекеттері арқылы Өмірзақ Шүкеев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы әрекет етті деп есептейді «Азат» газетінде Рахым Рыскелді.
«Айқын» газетінде тағы бір азамат бұрынғы облыс әкімдерінің бірінің солақай әрекеттерінен Нұрсұлтан Назарбаевтың қалай қорғап қалғанын баяндайды. Мәжіліс депутаты Серік Әбдірахманов алдыңғы парламенттік сайлау кезінде сол кездегі Алматы облысының әкімі Заманбек Нұрқаділовтің әдейі кедергілер жасауға ұмтылып, оның орнына Шәмшә Беркімбаеваны өткізуге тырысқанын тілге тиек етеді. «Нұрқаділов жергілікті әкімдерді қинап тұрып, қолдарына қалам беріп, заңды белінен басып, әділетсіздікке жол берді», - дейді депутат Серік Әбдірахманов. Оның сөзіне қарағанда, сол кездегі облыс әкімі оны «Елбасына жау көрсетіп, оппозицияның қатарына итеруге тырысқан». Алайда, «Бұғыты» сайлау округінде демократияны Нұрсұлтан Назарбаев қорғап қалды», -дейді депутат президентті «шын жүрегімен қолдайтындығын» жеткізе отырып.