«Президенттер не істеп жүр?Ниязов ше?» деген мақалада «Жас алаш» газеті Қазақстан президентінің Ялтада біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі құжатқа қол қойғанын, алдағы жоспарларын пісір алғанын айтады. «Алайда, біртұтас экономикалық кеңістік оған кіретін кейбір мемлекеттер үшін бүгінгі мәселелерін шешіп алу құралы», - деген пікір білдіреді «Айқын» басылымы. «Мәселен, Еуроодаққа кіруді діттеген Украина бірыңғай кедендік кеңістік құруға қарсы. Брақ ол жаңа одақты Ресейден келетін мұнай-газдың қосымша құн салығын алып тасу үшін пайдаланғыс келеді. Ал Ресей үшін біртұтас экономикалық кеңістік – посткеңестік кеңістіктегі ықпалын сақтаудың соңғы мүмкінідігі», - деп бағалайды «Айқын» газеті.
Монархатар арасындағы президент. Тәуелсіз елдер достастығы президенттері арасынан Нұрсұлтан Назарбаев испан тағы мұрагерінің неке қию рәсіміне жалғыз өзі қатысты» деген тақырыппен берілген «Литер» газетіндегі мақалада Қазақстан президентінің Испан королінің тойына бару құрметіне ие болғанын хабарлайды. Мақала авторының айтуынша, мұндай дәрежеге бұрынғы кеңес елдерінен ешқандай мемлекет басшысының қолы жетпепті. «Президент салтанатты кешке қызы Әлияны ертіп апарған. Айтушылар соңғы кезде елбасы жоғары жақтың той-томалақтарына үнемі осы кіші қызымен барғанды жақсы көреді екен», - дейд «Литер» басылымы. Газет испан ханзадасының 28 миллион евроға бағаланып отырған үйлену тойының қандай сән-салтанатты жағдайда өткенін сипаттай отырып, Қазақстан президентінің той талабына сай смокинг киіп, Әлия Назарбаеваның шляпасыз, сәнді күміс түстес көйлек киіп шыққанын баяндайды.
Ал «Жас алаш» газеті Қызылорда облысы Қазалы ауданында аудандық мәслихат депутаты Орынбасаров бастаған бір топ педагог ашытқ жариялап жатқандығын хабарлайды. «Оған себеп – аудандық спорт мектебіндегі келеңсіздіктер көрінеді», - дейді «Жас алаш» газетінің тілшісі. «Эпоха» газеті Қазақстанда жалпы ішкі өнім жыл сайын қарқын алғанымен, халықтың кірісі баяу өсіп отырғанына назар аударыпты. Мысалы, Әлім Бейбарысовтың мақаласында 2003-ші жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнім 109 пайызды, ал Ресейде 107 пайызды құрағанмен, сол жылы Қазақстанда жамиғаттың ақшалай кірісі 114 пайызды, ал Ресейде 125 пайызды көрсеткенін хабарлайды. «Ақ жол Қазақстан» газеті болса, үш жыл бұрын Азия даму банкі, БҰҰ, Бүкіләлемдік банк сияқты дүниежүзілік қаржы институттары Қазақстандағы кедейшілікпен күресу мақсатында бөлген жалпы көлемі 1 миллион 636 мың доллар қайда кетті екен деп тамсанады. Оған қоса, мақала авторының айтуынша, мамыр айындағы мәліметтер бойынша Қазақстандағы кедейшілікпен күресу үшін 3,5 миллион адам терлеп-тепшіп жұмыс істейді. Бірақ «Қазақстандағы кедейлер көбеймесе, азайған жоқ», - деген тұжырым жасалған «Ақ жол Қазақстан» газетінде. Газет сонымен бірге президент Нұрсұлтан Назарбаев тікелей эфир арқылы Төтенше жағдайлар бойынша агенттіктің бұрынғы төрағасы Заманбек Нұрқаділовтің қойған сауалдарына жауап берді деп есептейді. Мәселен, газеттің жазуына қарағанда, Нұрқаділовтің: «жоғарыда аты аталаған Әлия Назарабеваның құзырындағы «Элитстрой» фирмасы Сара Алпысқызы үшін Медеу жақтағы алма бағы орналасқан жерге фитоорталық пен котедждер салып берді. Неге? Керемет алма бағын құртуға кім рұқсат берді?» сауалына президент: «Құрылыс мақсатында бір ағаш кескен адам екі ағаш отырғызып, 10 жыл күтуі керек», - деп жауап қайырыпты.
Газет сонымен бірге президенттің халықпен тікелей сұқбатынан Нұрқаділовтың «Қазақгейт», президенттің есеп-шоттары, хан болу мүмкіндігі туралы сауалдарына жауап табуға болады деп есептейді. Тек бұл басылымды «Қазақгейт» дауы бойынша аты аталатын бүгінде үстінен қылмыстық іс қозғалып отырған Джеймс Гиффен деген американдық азаматтың президенттің емес, үкіметтің кеңесші болып шығуы таңданысын тудырыпты. Себебі, газет Гиффеннің президенттің кеңесшісі болғанын дәлелдейтін күәлік көшірмесін жариялапты.