Элизабет Джонс АҚШ пен Өзбекстанның қарым-қатынасы тек қана әскери бағытта еместігін айта отырып, ондағы адам құқығы мен сөз бостандандығы қатысты жағдайды тілге тиек етті. Осы орайда Джонс ханым Қазақстандағы “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы”, “Сайлау туралы” заңдарға қатысты алаңдаушылықтың бар екенін жеткізді.
Элизабет Джонс Қазақстанның Ирактағы еңбек күшіне жақсы баға бере отырып, өз ризашылығын айтты. Ал Ирактан “Қазбаттың” қашан қайтатыны туралы шешімді Қазақстан үкіметі қабылдайтындығын хабарлады.
Қазақстанның жоғары лауазымды азаматтарына пара берді деген айып тағылып отырған американдық бизнесмен Джеймс Гиффеннің “мен барлығын АҚШ үкіметі мен орталық барлау басқармасының тапсырысымен істедім” деген мәлімдемесіне орай Элизабет Джонс: “Гиффеннің ешқашан үкіметке жұмыс істемегенін” айтты.