Жовтис бейсенбі күні Сергей Дувановпен жүздесіп, бір жарым сағат әңгімелескен. “Бұл – менің Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының адами өлшемдер туралы конференциясынан кейінгі жоспарлы кездесуім. Өйткені, онда Дуванов мәселесі көтеріліп, мен келе салысымен онымен кездесіп, оны бостандыққа шығаруға қатысты қандай шаралар жасалып жатқандығын жеткізетінімді айтқан едім”, - дейді Жовтис мырза.
Кездесу кезінде Дуванов өзіне заңсыз шектеулер қойылып отырғандығын айтыпты. “Сондықтан, коллония басшылығына, прокуратураға шағымданамыз”, - дейді Жовтис. Мәселен, Дувановтың жазып жүрген кітабының 3-ші тарауы, жазған хаттары оның бірқатар құжаттарын алған кезде бірге әкетіліп, сол күйі қайтарылмаған. Сонымен бірге жазған хаттарының үштен екісі, мақалалар топтасының бірде біреуі коллония ауқымынан шығарылмаған. Дуванов газет ала алмайды. “Бір кездері тек үкіметке қарайтын басылымдарды беріп тұрған. Ал заңды тіркеуден өткен оппозициялық газеттер коллонияға мүлдем кіргізілмейді”. Сондай-ақ ,“интернет сайттары біздің заң бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылса да, оның қағазға түсірілген материалдарымен танысуға тиым салынған”. Жовтистің айтуынша, тәртіп бойынша ол күніне 15 минөт телефонмен сөйлесуге құқылы болса да, коллонияда болған 6 ай аралығында тек 8 рет қана сөйлесуге мүмкіндігі болған. Ал басқа кездері телефон бұзылып немесе басқа бір себептермен жұмыс істемей тұрған. Тек сәрсенбі күні АҚШ елшілігі мен демократияны қолдау Ұлтық қорының өкілдері коллонияға келгенде телефон қайта іске қосылыпты.
“Дуванов мұның барлығы өз ісінің саяси сипатын әшкерлейді деп есептейді. Шынымен егер ол жәй тұтқын болса, оның мақалаларында қайндай кілтипан бар? Яғни, ол жазбауы, ақпарат таратпауы үшін отыр”, - дейді Жовтис. Сонымен бірге қорғаушылардың қадағалау шағымына орай Дувановтың ісі Жоғары сотта жатқанына жұма күні бір ай толады. Жовтистің айтуынша, “Жоғары соттың үкімді өзгертіп, Дувановты бостандыққа жіберуге толық мүмкіндігі бар. Алайда, әлі күнге дейін жауап жоқ”. Сонымен бірге қорғаушының мәліметтеріне қарағанда, “желтоқсан-қайңтар айларында Дувановтың жағдайы жеңілдеп, жазасын өтеу тәртібі өзгеруі тиіс. Ал 2004 жылдың мамыр айының соңына таман Дуванов мерзімінің жартысын өтеп, жазасын өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатыла алады”.
“Қазан айының 28-де оның тұтқындалғанына бір жыл толуына орай баспасөз мәслихаты өткізіліп, мән-жайды егжей-тегжейлі баяндаймыз”, - деп мәлімдеді Евгений Жовтис.
Жұма күні Дувановқа қатысты тағы бір оқиғаның болып жатқанын хабарлады “Журналистер апатта” қорының жетекшісі Розлана Таукина. Оның айтуынша, Дуановтың “Молчание ягнят”, “Не верю”, “Миллиард” сияқты аты-шулы мақалалары Еуропалық комиссия тағайындаған Халықаралық журналистер федерациясының 2003 жылғы Адам құқығы, Демократия, Прогресс туралы жазудағы журналистің шеберлігі үшін берілетін мәртебелі Натали сыйлығын алу үшін Брюссельде әлемнің 16 журналисінің үздік туындыларымен қатар бақ сынасуда.