Зейнетақыны қайта есептеуге байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА мен парламент депутаттары арасындағы текетірес жалғасуда. Егер министрдің мәліметтеріне сенсек, биылғы жылдың шілде айындағы қайта есептеу нәтижесінде 1 миллион 15 мың адамның зейнетақысы өскен. Ең төменгі зейнетақы алатындардың саны екі есеге азайып, оның есесіне ең жоғары зейнетақы алушылар бұрын мың жарым адам болса, қазір олардың саны 481 мыңды құрайды. Алайда, парламент мәжілісінің депутаты Шаймерден ОРАЗАЛИНОВ зейнетақылары өскен адамдардың министр көрсеткен санына күмән келтіреді: «Анық ондай санын білмейміз. Неге десеңіз, олар оны ешкімге бермейді». Оның есесіне депутаттың айтуынша, «564 мың зейнеткер» зейнетақының шілде айындағы өсіру науқанынан тысқары қалған.
Оразалинов мырзаның айтуынша, осы азаматтар арасындағы өз сайлаушылары депутатқа жазғы кездесу кезінде мұң-мұқтаждарын жеткізген. Осындай шағымдардан кейін күзде қайта есептеуге қатысты депутаттық жұмысшы тобы құрылып, оның жетекшісі ретінде Шаймерден Оразалинов сәрсенбі күні парламент алдында баяндама жасайды. Ол оның мазмұнына тоқтала отырып, қайта есептеу арқылы ешқандай да зейнетақының «дифференциалды өсімі» болмағанын тілге тиек етті.
Оның сөзіне қарағанда, ауыр өнеркәсіп саласында қызмет еткен зейнеткерлердің зейнетақысы олардың еңбек салымы мен еңбек стажын ескеретін индивидуалды есептеу коэффициенті бойынша есептеліп келген. Алайда, соңғы қайта есептеу кезінде үкімет тұлғаландырылған есептеу коэффициентін енгізеді. Яғни, бұрынғыдай елдегі орташа жалақыны емес, зейнеткер қызмет еткен саладағы орташа жалақыны ескеретін жаңа өлшем пайда болады.
«Бұрынғы ауыр өнеркәсіп қызметкерлерінің жалақы көрсеткіші төмендеп, керісінше жеңілөнеркәсіп, қызмет көрсету саласында еңбек еткендердікі жоғарылаған». «Соның салдарынан, - дейді депутат, - елге ерен еңбек сіңірген азаматтар еңбек салымы аздау зейнеткерлермен теңестіріліп, негізінен өнеркәсіп кәсіпорындарында жұмыс істеген, еңбек салымы зор зейнеткерлер жапа шегіп, олар зейнетақыларына үстеме ақы ала алмаған». Керісінше жеңілөнеркәсіп саласында қызмет еткен зейнеткерлердің зенетақысына жаңа тәртіп бойынша 2800 теңге үстеме қаржы қосылған. «Нәтижесінде төменгі 5500 теңге зейнетақының ұшы жоғарғы 9810 теңгемен одан сайын теңестіріліп, зейнетақының ешқандай да «дифференциалды өсімі» байқалмаған».
Сонымен бірге зейнетақысы ең жоғарғы зейнетақы көлеміне сәйкес келгендіктен, 9800 теңге алып келген зейнеткерлер де үстеме ақыға қол жеткізе алмаған.
Ал 1992-1995 жылдары еліміздегі инфляция деңгейі өте жоғары болғандықтан, сол кезде қызмет еткен зейнеткерлердің жалақысы төмен болып шығады. Яғни, олар да осы жолғы «көтермелеуден» қапы қалыпты.
Депутат Оразалинов үстеме ақы ала алмаған соңғы топқа, 1995 жылдың қаңтары мен 1996 жылдың 1-ші жартысына дейінгі аралықта зейнеткерлікке шыққандарды жатқызады. Өйткені, сол кезде олардың зейнетақысы ең төменгі жалақының 10 мәртелік өлшемі бойынша шектелді. Ал 1996 жылдың шілде айында шектеу 15 мәртелікке ұлғайғанымен, бұл өзгеріс оларды жанап өтіп, соның салдарынан олар да соңғы зейнетақы өсімінен құр алақан қалыпты.
Парламент мәжілісінің депутаты Валентин МАКАЛКИН зейнетақыны қайта есептеуде сала бойынша орташа жалақыны есепке алып, есептеу зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға қайшы келетіндігін айтты. Өйткені, заңда зейнетақы екі өлшем: елдегі орташа жалақы мен еңбек стажына сәйкес қойылатындығы жазылған. «Үшінші өлшем енгізу арқылы үкімет заңды өрескел бұзды», - деп есептейді депутат. Осы мәселеге орай ол Бас прокурордың атына депутаттық сауал жолдағанын, бір жарым апта аралығында оған жауап келуі тиіс екендігін айтты. «Егер заң бұзушылық расталған жағдайда прокуратура үкіметке ресми түрде наразылық білдіруі тиіс», - дейді депутат.
Егер естеріңізде болса, осы мәселе парламентте ең алғаш қозғалған кезде мәжіліс спикері Жармахан ТҰЯҚБАЙ заң бұзушылық дәлелденсе, депутаттар министр Гүлжан Қарақұсованың отставкасын сұрау мүмкіндігін айтқан болатын. Ал депутат Макалкин заң бұзушылықтар үшін ең алдымен үкімет басшысы жауап беруі тиіс деп есептейді. «Өйткені, заңға қайшы қаулыны Қарақұсова емес, үкімет шығарды емес пе?!»
Сондай-ақ, депутат зейнетақыны қайта есептеуге байланысты «Жер кодексімен» болған сценарийдің қайталануын жоққа шығармайды. Тек бұл жолы үкімет парламентке емес, парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алады. «Біз барлығын тыңдап, сенімсіздік білдіре аламыз», - дейді Макалкин. Алайда, оның айтуынша, «мәселе - Қарақұсовада емес, ең бастысы - істі дұрыс тәмамдау».
Алдағы әңгімеде зейнетақыны қайта есептеуге байланысты бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері Николай РАДОСТОВЕЦ пен Әлихан БӘЙМЕНОВТІҢ «Азаттық» радиосына берген пікірлерімен таныс боласыздар.