Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылым беттерінде жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау қалай өткендігі жайлы және келесі жылғы парламенттік сайлауға дайындықтың басталып кеткендігіне байланысты мақалалармен бірге экологиялық-әлеуметтік мәселелерге арналған материалдар жарық көрді.

“Новое поколение” газетінің “Таңдап алынған демократия” деген жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау науқанына арналған мақаласындағы мәліметтерге қарағанда, “уайымшылдардың болжамына қарамастан, электорат біршама сайлау белсенділігін танытып, 56,4 пайызы сайлау учаскелеріне келген”. “Демократиялық Батыс үшін бұл - қомақты сан, ал 100 пайызды талап ететін авторитарлы тәртіптегі елдер үшін - аздау”, - дейді “Новое поколение” газетінің журналистері. “Күз түскелі Ахметов мырзаның қолына әкімшілік құрылыс туы берілді. Яғни, 2004 жылы өтетін парламенттік сайлауға дайындық барысында жоғары билікті әзірлеу процесіне премьер-министр де жұмылдырылды”, - деп жазады осы газетте журналист Сергей Волков. Келесі жылғы сайлауда Дариға Назарбаеваның тақауда құрған “Асар” партиясының жеңіп шығатынына “байыптылықпен қараған жөн”, - деп есептейді Мұхамеджан Әділов “Экономика. Финансы. Рынки” газетіндегі басты мақалада. Оның айтуынша, “Асар” бірнеше мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: біріншіден, Отбасы саяси қызмет үшін тұғырнама алады; екіншіден, партия бизнес пен мемлекеттік қызметте белгілі-бір дәрежеге жетіп, енді өзін саясаткер ретінде сынағысы келетін жастар үшін аса тартымды; үшіншіден, президентке бағынышты “ескі” партияларда жоғарыға өрлеуге мүмкіндігі болмай жүрген екінші және үшінші эшалондағы саясаткерлердің табысты манасабына жол ашылады; төртіншіден, “Асар” өзінің лидерінің арқасында сөз бен істе еркіндікке ие болады. “Мұның өзі өткір идеологиялық және саяси күресте маңызды”, - деп есептейді Мұхамеджан Әділов.

“Конфессия аралық форум Астананы діндер астанасы деп жариялады”, - деп хабарлайды Қуат Ибраев “Панорама” газетінде. Оның айтуынша, “әлем Еуразия орталығында орналасқан елде 40 конфессияға жататын 120 ұлт өкілдері тұратындығын білді.””Алайда, журналистер форумда болып жатқанның тек кейбір сәттерін үзіп беріп отырған “Хабар” агенттігінің телекамерасы объективі арқылы тамашалауға мәжбүр болды”, - дейді журналист Қуат Ибраев.

“Егер діни риторикаға жүгінетін Бен Ладен, яки Джордж Буш болсын, қайсібірі санасатын форум, съезд немесе әлемдік және дәстүрлі діндер жиыны түріндегі моральдық өлшем Қазақстанда пайда болып, наихатталса, қазақстандық салық төлеушілердің ақшасы желге ұшқан жоқ деп айтуға болар еді”, - деп жазылған “Деловая неделя” газетінде редактор бағанындағы “Имандылық қағидасы” атты мақалада. Алайда, Астанада өткен әлемдік діндер съезінде қол қойылған декларциядағы сөздер “тек қағаз жүзіндегі дұрыс сөздер тізбегі ретінде қалуы мүмкін”, - деп есептейді автор.



“Қазақстан Заман” газеті Қазақстандағы медицина болашағына байланысты мақалалар топтамасын береді. “Қазақ әдебиеті” газетінде журналист Дәурен Қуат “Орнықты Орта Азия керек” деген мақаласында өзбек-қазақ шекерасынан өрбіген жанжалға тоқтала отырып: “Бізге шекараның шебінен оқ ататын шамкөс көрші емес, әлеуметтік тұрмысы күн сайын ілгерлеген кемел көрші керек”, - дейді.



“Караван” апталығындағы “Қатігездікке сән талап етіледі”, “Қарбыз үшін өлім” деген мақалаларда жасөспірімдер арасында бірін-бірі аяусыз соққыға жығу, өлтіру фактілерінің көбейіп кеткендігі айтылады.
XS
SM
MD
LG