Қыркүйектің 19-ы күні Ялта қаласында Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия елдері біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойғаны мәлім. Алдыңғы хабарымызда, бұл ұйымға Украинаның қатысуы турасында Украина үкіметінде, Жоғары Радасында, қоғамдық ұйымдар арасында қайшы пікірлер қалыптасқанын айтып, соған байланысты қазақстандық қоғамдық ұйым өкілдерінің пікірлерін ұсынған едік. Соған орай сенбі күні Қазақстандағы Украина елшілігінің 1-ші хатшысы Анатолий Чабан мырза ”Азаттық” радиосына хабарласып, осы мәселе бойынша өз түсіндірмесін беруді жөн көріпті.
Оның айтуынша, саммитке дайындық барысында Үкімет те, Украина Радасы да Біртұтас кеңістік құру туралы құжатқа қол қоюға рұқсат берді. Алайда, “қоғамымызда бұл мәселе бойынша біржақты пікір қалыптаспағаны рас”, - дейді Украина елшілігінің бірінші хатшысы Чабан мырза. “Бірақ біздің Президент осы мәселе бойынша референдумға баруға дайын екендігімізді айтқан еді. Сондықтан, қоғам құжаттармен мұқият таныса отырып, біздің қол қойғанымызға қолдау көрсететін шығар”, - дедйді Чабан мырза. Оның айтуынша, экономикалық кеңістік еркін сауда, тауар алмасуда үлкен мүмкіндіктер ашады. Алайда, ол қол қойылған келісімнің экономикалық құжат екеніне баса назар аудара отырып, құжатта әр ел өз интеграциялық дамуының бағытын, қандай жекелеген интеграциялық шараларға қандай ауқымда баратындығын өзі шешетіндігі анық жазылғанын айтып өтті.
“Интеграцияға баратын әр мемлекет өзінің жеке мүддесін ғана күйттеген кезде экономикалық кеңістікте кедергілер пайда болуы мүмкін. Біреу біреуді кемсітіп, екіншісі басқаның есебінен алға шыққысы келеді”, - дейді экономика ғылымдарының докторы Олег Егоров. Оның пікірінше, бүгінде төрт елдің арасындағы экономикалық интеграцияға итермелейтін көптеген факторлар бар. Мәселен, Украина өзінің барлық мұнай-газ ресурстарын толғымен түгесті, сондықтан, ол әрдайым оны біреуден сатып алуға мәжбүр, Ал Ресей Украина арқылы өзінің көмірсутегінің айтарлықтай бөлігін тасымалдайды. Алайда, кейінірек Ресей мұнайы мен газының үстеме бағамен қайта сатылғаны анықталған. Енді Украина Қазақстан аумағы арқылы түркіменстан газына иек артып отыр. Осы тұста Қазақстан арқылы Украинаға шикізат өткені үшін кім қанша төлейді деген мәселе туындайды. Мұндай экономикалық интеграция ауқымында қарастырылатын мәселе көп дейді экономист Олег Егоров.
Қазақстан Даму институтының вице-президенті Кеңес Қажымұраттың пікірінше, “төрттік одаққа” енген мемлекеттердің заңнамалары мен кеден тарифтерінің теңестірілгені маңызды. “Әйтпесе, бір мәселеде бір ел ұтса, екінші мемлекет ұтылуы кәдік. Содан кереғарлық пен түсініспеушілік шығады”. Сонымен бірге ол Біртұтас кеңістік туралы құжатпен, ортақ заңнамамен барлық жұртшылық бірдей таныс болуы тиіс деп есептейді. “Кейбір жағдайда бізде маңызды мәселелер тек Үкіметте, жоғары деңгейде талқыланып, қабылданып кете барады. Ал одан қарапайым жұртшылық бейхабар қалғандықтан, қоғамда қайшылықтар туындайды. Егер мына жағдайда да көпшілік мәселенің мәнісін түсінбесе, біртұтас экономикалық кеңістіктің пайда болып, жұмыс істеуі неғайбыл”, - дейді экономика ғылымадырынң дркторы Кеңес Қажымұрат.