Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда Рахат Әлиевтің билікке қайтып оралуы және басқа да Қазақстанда бюолған қоғамдық-саяси, экономикалық оқиғаларға орай мақалалар жарық көрді.

Осы аптада Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиев қазақстандық басылымдардың басым көпшілігінің назарын өзіне аударыпты. “Дариға Назарбаева жастармен кездесу кезінде жаңалықтарымен бөлісті. Біріншіден, ол әже атанып, Президент шөбере сүйді. Оған қоса енді ол - “Асар” деп аталатын жаңа қоғамдық бірлестіктің жетекшісі”, – деп хабарлайды “Страна и мир” газеті өзінің басты мақаласында.

Онда: “Барлығының қалай нашар екендігін айтып, президентке ұрса беруге болмайды. Ол барлығына қайдан жетеді? Ағаттықты түзетуге мүмкіндігіміз болған кезде, өзіміз тәуекел етуіміз керек ”, - деген Назарбаева ханымның сөздері беріліпті.

Ал Экономика. Финансы. Рынки“газетінің бас мақаласында Дариға Назарбаеваның “Хан тәңірі” халықаралық фестивалін өткізу кезінде американдық коммерициялық емес IPV News USA телевизиялық корпорациясы тобының қазақстандық “Азия-Туризм” туристік компаниясының арасында туындап отырған халықаралық жанжалға негіз болған кілтипан оқиғаға қатысы бар деп күдік келтіреді.

Сонымен бірге осы газетте Дулат Мұсатаев “Қасиетті тұғыр бос болмайды. Рахат Әлиев билікке орала ма?” деген мақаласында Назарбаеваның жұбайы Рахат Әлиевтің тақау уақытта Алматы қаласының әкімі, Ішкі істер министрі, Сыртқы істер министрі сияқты жоғары лауазымдардың бірін иелену мүмкіндігін алға тартады. “Рахат Әлиев сыртқы істер міністірлігіне лауазымды қызметке орналасады екен... Ол келсе, тағы да ел басына қара бұлт үйіріледі” деген сыңайдағы листовкалардың таратылып жатқанын тілге тиек етіпті “Ақ жол Қазақстан” газетінің тілішісі Қанат Ескендіров өзінің “Рахат қауіпті ме, “Хизбу-т-тахрир” қауіпті ме?” деген мақаласында.

“Новое поколение” газеті Дариға Назарбаеваның “Алматы – менің алғашқы махаббатым ” бесінші ретро-фестивалінің “рухани демушісіне” айналғанын екшелей отырып, мерекелік жиыннан егжей-тегжейлі хабар ұсынады. Сонымен бірге осы газеттегі “Артық ақшалар” деген мақалада журналист Талғат Қалиев былтырғы жылға республикалық бюджеттен бөлінген 57 миллиард теңгенің Қорғаныс министрлігі, Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Ішкі істер, Қаржы министрліктері арқылы жұмсалмай қалғанын әшкерелейді. Ал Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың инфляцияның қысқа мерзімдік деңгейін болжауда тағы да қапы қалғанын жазады “Эпоха” газетінде Төлеген Асқаров өзінің “Марченко мырза тағы да жаңылысты” деген мақаласында. “Яғни, ел экономикасында бір кілтипан болуы керек”, - деген қорытындыға келіпті журналист.

“Уағыздалып жатқан “таза” ислам ба, әлде арабтың салт-дәстүрі ме?” деген мақаласында “Дала мен қала” газетінің тілшісі Айзада Нұркенова ислам ұстанымдары мен ұлттық ерекшеліктер, әдет-ғұрыптар арасындағы қайшылықтарға тоқталады. Оның айтуынша, “араб емес мұсылманға тұрмыстың түрлі жағдайларында араб сөздерін айту тіпті де міндетті емес қой. Егер адам Құранның киелі сүрелерінен басқа Аллаға ұсыныстарын туған тілінде айтса, қабылданбас па еді?” – деп жазады автор.

“Экспресс К” газетінің соңғы санында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсукент ауылындағы аудандық сотта жас қызға оның жуық арада о дүниеге баратындығын болжаған балшының ісі қаралатындығын баяндайды Ирина Галушко өз мақаласында.
XS
SM
MD
LG